09:56, 26 Наурыз 2020
«Nur Otan» 11 600 отбасына көмек көрсетті
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді.
Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. ⠀«Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын»,-деді ол желідегі жазбасында