Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:18, 21 Наурыз 2020

Nur Otan әлеуметтік пакеттерді байланыссыз жолмен таратуды жалғастыруда

«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері көпбалалыжәне аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарғажәне

жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетуді жалғастыруда.

АкцияҚазақстанның барлық аймақтарында, соның ішінде елорда және Алматы қаласымаңындағы елдмекендерде өтуде. Мәселен, бүгінде 720 отбасы атаулы көмек алды.«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еріктілер күн сайын 400үйге барады.

«Әлеуметтік жағынан осал 10 мыңға жуық отбасы партиядан қайырымдылық жиынтығыналады. Қазір карантин кезінде үйден ерекше себептерсіз шығуға болмайды. Сондықтан, біздің волонтерларымыз 2 апта ішінде оларды барлық қажеттіліктерменқамтамасыз етуге тырысады. Мұнда жарма, макарон, күріш, май, міндетті түрдемедициналық маскалар, антисептиктер секілді заттар қамтылған. Сонымен қатар бізкоронавирустың алдын алу бойынша қажетті ақпараты бар жаднамаларды да таратамыз»,– деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына«Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялықжобалары шеңберінде мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсету үшін 150млн.теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлеріхалықтың әлеуметтік осал топтарына байланыссыз жеткізуі үшін медициналықмаскалар, антисептикалық құралдар және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарлардысатып алды. Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты пен филиалдарыныңқызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақысын аударғанболатын.

Өңірлердегі партия мүшелері де сырт қалмады. Мысалы, Шымкент қаласыныңкәсіпкері Қайрат Молдасейітов карантин жағдайында халықтың әлеуметтік осалтоптарына көмек көрсетуге 20 млн теңге бөлді. Оның бастамасын қарағандылықкәсіпкер, «Nur Otan» мүшесі Ғабдолла Дүйсенбаев қолдады. Ол экспресс-тест сатыпалу үшін қайырымдылық көмек ретінде 5 миллион теңге аударды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы да қазақстандықтарды қолдаукөрсетуге шақырды. Нұротандықтар демеушілік көмек көрсеткісі келетіназаматтарға арнайы шот ашты.

Көмек жіберу үшін деректемелер:

«Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

СТН 600300567791

БСН 080740011034

ЖСК № KZ826010131000165601

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

КБЕ 18 ТТК 119

Телефон: 8 (727) 396-74-20

Тегтер: