Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:03, 21 Наурыз 2020

Nur Otan әлеуметтік пакеттерді байланыссыз жолмен таратуды жалғастыруда

«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері көпбалалы және азқамтылған отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және

жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуді жалғастыруда.

Акция Қазақстанның барлықаймақтарында, соның ішінде елорда және Алматы қаласы маңындағы елдмекендердеөтуде. Мәселен, бүгінде 720 отбасы атаулы көмек алды. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісіЕлнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еріктілер күн сайын 400 үйге барады.

«Әлеуметтік жағынаносал 10 мыңға жуық отбасы партиядан қайырымдылық жиынтығын алады. Қазіркарантин кезінде үйден ерекше себептерсіз шығуға болмайды. Сондықтан, біздіңволонтерларымыз 2 апта ішінде оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етугетырысады. Мұнда жарма, макарон, күріш, май, міндетті түрде медициналықмаскалар, антисептиктер секілді заттар қамтылған. Сонымен қатар бізкоронавирустың алдын алу бойынша қажетті ақпараты бар жаднамаларды да таратамыз»,– деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін партияЛидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясына «Кедергісіз келешек», «Бақыттыотбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары шеңберінде мұқтажқазақстандықтарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн.теңге бөлуді тапсырды. Бұлқаражатқа партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлері халықтың әлеуметтік осалтоптарына байланыссыз жеткізуі үшін медициналық маскалар, антисептикалыққұралдар және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алды. Сонымен қатар,партияның Орталық аппараты пен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктергеөздерінің бір күндік жалақысын аударған болатын.

Өңірлердегі партиямүшелері де сырт қалмады. Мысалы, Шымкент қаласының кәсіпкері ҚайратМолдасейітов карантин жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмеккөрсетуге 20 млн теңге бөлді. Оның бастамасын қарағандылық кәсіпкер, «Nur Otan»мүшесі Ғабдолла Дүйсенбаев қолдады. Ол экспресс-тест сатып алу үшінқайырымдылық көмек ретінде 5 миллион теңге аударды.

«Nur Otan» партиясыАлматы қалалық филиалы да қазақстандықтарды қолдау көрсетуге шақырды.Нұротандықтар демеушілік көмек көрсеткісі келетін азаматтарға арнайы шот ашты.

 

Көмек жіберу үшіндеректемелер:

 

«Жаңа Алатау»қоғамдық қоры

СТН 600300567791

БСН 080740011034

ЖСК №KZ826010131000165601

«Қазақстан ХалықБанкі» АҚ

БИК HSBKKZKX

КБЕ 18 ТТК 119

Телефон: 8 (727) 396-74-20"

Тегтер: