«Nur Otan» басшылығы мұнайлы өңірде
«Nur Otan»партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Атырауоблысына келді.
Аймаққа жасалған бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдіңжай-күйімен танысу, қарапайым тұрғындармен кездесу арқылы жергіліктітұрғындарды толғандырып жүрген нақты мәселелерді анықтап, соларды шешугеатсалысу және жұртшылықты партияның алдағы жоспарларымен кеңінен таныстыруболды.
Партия төрағасының Бірінші орынбасары өңірге сапарынАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Мақат ауданына қарастыДоссор кентінен бастап, осындағы «Бірлік» ықшам ауданының тұрғындарыменкездесті. Қарапайым адамдармен емен-жарқын сұхбаттасып, биылғы біріншіжартыжылдықта партия өкілдерінің еліміздің барлық өңірлеріне барып, Елбасы,партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мемлекеттік және партиялыққұжаттарда берілген тапсырмаларының орындалуын қадағалайтынына, жергіліктіжерлердегі өзекті проблемаларды зерделеу арқылы халықтың нақты сұраныстарынескере отырып, аумақтық бағдарламалар әзірленетініне тоқталды.
Өткен жылдың соңында жергілікті БАҚ-та осы елдімекенде өзектіболып отырған темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу жайындамәселе көтерілген еді. Осы жәйтті тілге тиек еткен Бауыржан Байбек кездесугежиналған қауымға партияның бұл мәселеден хабардар екенін және оны уақтылы шешушараларын қарастырып жатқанын жеткізді.
— Естуім бойынша, кент халқының көпшілігі біржақта тұрады, ал темір жолдың арғы жағында екі мектеп, бір балабақша орналасқан.Сондықтан қауіпсіздік үшін темір жол арқылы жаяу жүргіншілер көпірі керек дегенұсыныс орынды. Біз осында облыс әкімімен, мемлекеттік органдардың облыстықбасшыларымен бірге осы проблеманы шешу жолын талқылау үшін келіп отырмыз.
Жергілікті жерден сайланған депутаттарымыз бар, басқа дамүмкіндіктер бар. Олар халықпен бірлесе отырып, жергілікті жерде жұмыс істеукерек. Соны Елбасымыз да, Президент те айтып отыр. Сол үшін қадағалап, бүгінтиісті кездесулерді өткізіп, осы мәселелерді қараймыз, шешеміз, — деді БауыржанБайбек.
Қазіргі уақытта облыстық және жергілікті билік өкілдеріалдын ала есептер жүргізіп, көпір құрылысы үшін жобалау сметалық құжаттардыәзірлеуге қаражат бөлу жоспарланған. Оның құрылысын 2021 жылдың екіншіжартыжылдығында аяқтау көзделуде. Бауыржан Байбек жергілікті мемлекеттікоргандардың осы нысанның құрылысын жылдамдатуын және тұрғындар көтерген басқада мәселелерді партияның облыстық филиалына бақылауға алуды тапсырды.
Кездесу барысында тұрғындар бұдан бөлек көше жарығы, жолсапасы секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Өз кезегінде Б. Байбек бұлардыңбарлығы да назарға алынып, тиісінше шешімін табатынын айтты.
Бұдан кейін партия төрағасының Бірінші орынбасары саясиұйымның «Доссормұнайгаз» бастауыш ұйымы мүшелерімен кездесіп, өзазаматтарымыздың мүддесін қорғау, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу,шетелдік жұмыс күшін тартуды шектеу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Бұл ретте елПрезидентінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында осы мәселебойынша берген тапсырмасының сапалы орындалуына баса мән берді. Сонымен біргеБ. Байбек партияның өңірлердегі бастауыш ұйымдарының жұмысын күшейту, олардыңатқаруы тиіс міндеттерін тарата айтып берді.
— Партияның бастауыш ұйымдары нақтымәселелерге қатысуы керек деп ойлаймын. Қаладағы тұрғын үй коммуналдықшаруашылығы мәселесі сияқты нақты бір мәселе шешілсе құба-құп. Партия мүшелеріәкімдерден осыларды талап ете алады. Жақында ғана осы ауданның әкімі есепберіпті, кейбір адамдар естімей, білмей қалған. Бәрі ашық түрде болуы керек.Біз қазір бес жылдық бағдарламаны талқылаймыз. Содан кейін ішкі партиялықіріктеуді жасағалы отырмыз.
Елбасы, Nur Otan партиясыныңТөрағасы өңірдегі партияластарды жинаған кезде «әрбір мәслихатта 30 пайыз әйеладам болуы керек. Әр мәслихатта кемінде 20 пайыз жастар болуы керек» деп айтты.Ол деген біздің аналарымыз, қарындастарымыз көтерілу керек деген сөз. Бізде сайлаушылардың 52 пайызы әйел адамдарекен. Ең қиын жұмыстарды да әйел адамдар атқарады. Балабақша, бастауышмектептің бәрінде әйелдер жұмыс істейді. Әйел адамдардың қоғамдық өмірдебелсенділігі бар болса, оларға міндетті түрде жағдай жасау керек.
Nur Otan партиясынан басқа билеушікүштің жоқ екенін көбіміз білеміз. Nur Otan -мемлекеттік емес ұйым. Партия үшінминистр, әкім барлығы бірдей.
Біздің негізгі мақсатымыз — Қазақстанныңөсіп-өркендеуі. Саяси идеалымыз — Елбасы. Біздің ең үлкен жетістігіміз – елТәуелсіздігі, — деді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар Б. Байбек осы бастауыш ұйым жанындағықоғамдық қабылдауда бірнеше азаматты қабылдап, кент тұрғындарының өтініштерін,көтерген мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келгендер тұрғын үйшаруашылығының, жай-күйі, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, әлеуметтік инфрақұрылымдыжетілдіру секілді мәселелерді қозғады.
Қоғамдық қабылдауда болған осы ауданның тұрғыны,зейнеткер Сәбит Халенов аурухананың жылу жүйесіне жөндеу жүргізуді және аудантұрғындарын қосымша жедел медициналық көмек көлігін бөлу мәселесін көтерді.
Партияның жергілікті филиалының төрағасы мен аудан әкімізейнеткердің өтініші орындалатынына, биыл аурухананың жылу жүйесіне жөндеужүргізілетінін айтты. Ал аудан тұрғындарын қосымша жедел медициналық көмекбригасымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтаубасқармасымен бірге оны орындаудың нақты мерзімі белгіленді. Бұл мәселені «NurOtan» партиясының мәслихаттағы фракциясының депутаттары тұрақты бақылауғаалатын болды.
«Nur Otan»-ның басшылық құрамының мұнайлы өңірге жасаған бұлсапары ары қарай Жылыой ауданына ұласты. Партия төрағасының Біріншіорынбасарымен кездесуге аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.Мұнда Аумақтарды дамыту бағдарламалары мен партияның сайлауалды бағдарламаларынәзірлеу жайы сөз болды. Кездесуде сөз алған Бауыржан Байбек депутаттық фракцияныңжұмысын күшейту, сайлауалды бағдарламаны әзірлеуде жаңа тәсілдерге жүгіну жайынқозғады. Әсіресе, бұл маңызды құжатты дайындауға және оны жан-жақты талқылауғапартияластардық барынша белсенділік танытқандары жөн екенін жеткізді.
Іссапардың бірінші күнінің соңын Бауыржан Байбекпартияның Жылыой аудандық филиалының партиялық кадрлық резервіне қатысушыларменкездесу арқылы түйіндеді.
Бас қосуда партия төрағасының Бірінші орынбасары партиялық жауапкершілікті күшейту қажеттігіне тоқталып, Елбасы ұсынғанпартияны жандандыру бағдарламасының екінші кезеңіне аяқ басқанымызды атап өтті.Бұл ретте саяси ұйымды одан әрі сапалық тұрғыдан нығайта түсу үшін «жігерлілидерлер – қуатты партия» тұжырымдамасын берік ұстануды ұсынды.
Осы мақсатта үш мәселеге назар аударуды ұсынды.Біріншіден, ел ішіндегі білімі мен білігі мол, сөзі өтімді, іскер де беделдіжандарды партия маңына тартып, оларға өз ойлары мен идеяларын, қарым-қабылетініске асыруға мүмкіндік беру маңызды. Екіншіден, әрбір өңірдің ерекшелігі меннақты мәселелерін есепке ала отырып, арнайы бағдарламалар жасау, содан кейіносыны халыққа жатық та жеңіл тілмен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігінетоқталды. Осындай озық саяситехнологиялардың бірі ретінде праймеризді атады.
— Біз әрбір өңірдепраймериз өткіземіз. Наурызда Саяси кеңестің отырысы болады. Сол кездепраймериз өткізу тәртібін бекітеміз. Қазір пилоттық жоба өтті. Сәуір-мамырайларында нақты праймериз өткізіледі. Қазақстан бойынша 920 мың адамды ұйымдастырып,халыққа біз мүмкіндігінше өзіміздің саясатымызды түсіндіруіміз керек. Халықтыбіріктіруіміз қажет. Партия деген құрал.Біздің мақсатымыз — билікке кез келген салада дарынды, адал, білімдіазаматтарды келтіру. Бұған ішкі партиялық іріктеу мүмкіндік бермек. Праймеризөткізу тәртібі бекітілген соң оны өздеріңізге жібереміз, — деді Б. Байбек.