Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:48, 28 Наурыз 2020

«Nur Otan»-ның әлеуеті Президенттің коронавируспен күрес бастамаларын қолдауға жұмылдырылсын – Нұрсұлтан Назарбаев

«Nur Otan»-ның әлеуетіПрезиденттің коронавируспен күрес бастамаларын қолдауға жұмылдырылсын – НұрсұлтанНазарбаев

Елбасы, «NurOtan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішіліктаңдау ­– праймеризді коронавируске байланысты елдегі ахуал тұрақтанғаннанкейін өткізу туралы шешім қабылданды.

Орталық аппарат қазіргі кезде праймеризөткізу барысында онлайн-технологияны пайдалану мүмкіндігін де пысықтап жатыр.

Бастапқыдапартияішілік таңдауды биылғы 30 наурыздан бастау жоспарланған еді. Кейіннен оныөткізу мерзімі 15 сәуірге ауыстырылды. Бұл ретте Саяси кеңес отырысын өткізудіңтоқтатылғанын ескере отырып, праймериз өткізу ережесінің жобасын қабылдау бойыншадауыс беру сырттай жүргізілді. Биылғы 26 наурызда Праймериз өткізу ережесібекітілді.

«Праймеризөткізуді ахуал толық тұрақтанға дейін кейінге қалдыра тұру керек. Қазір «NurOtan»-ның қызметі толықтай қайта бағдарланды. Партияның барлық ресурсыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған коронавируспен күресжағдайында мұқтаж қазақстандықтарға көмек ұйымдастыру шараларына қолдаукөрсетуге бағытталды», — деп атап көрсетті елдің Тұңғыш Президенті НұрсұлтанНазарбаев.

Елбасыныңтапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлердіардақтайық» партиялық жобалары аясында «Nur Otan» партиясы жалғыз бастықарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмеккөрсету үшін 150 млн. теңге бағыттағанын атап өткен жөн. Коронавирус індетініңтаралуына қарсы күреске Тұңғыш Президент Қорынан тағы да 200 млн. теңгебөлінді.

Бөлінгенқаражаттың арқасында партия белсенділері мен «Jas Otan» волонтерлары күн сайынхалықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен,бірінші кезекте қажет тауарлармен және басқалармен байланыссыз тарату жолыменқамтамасыз етуде. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасымен коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуүшін құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына өзінің барлық ұйымдық ресурсын қайтарымсызнегізде ұсынды.

Тегтер: