«Nur Otan»-ның Атырау сапарының айтары мол
«Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасарыБауыржан Байбектің еліміздің мұнайлы астанасына жасаған жұмыс сапарының екіншікүні Атырау қаласында жалғасып, партияның облыстық филиалы мен бастауышұйымдары өкілдерімен, өңірдің зиялы тұлғаларымен, қоғамдық пікіркөшбасшыларымен және облыстың жастар ұйымдарымен болған кездесулердегі келеліәңгімелермен жалғасты.
Бауыржан Байбек бұл күнгі шараларды саяси ұйымның Атырауоблыстық ауруханасындағы «Ынтымақ» бастауыш ұйымы мүшелерімен кездесуденбастады. Оған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов те қатысты.
Дәрігерлер қауымымен еркін пікір алысуға жол ашқан партиятөрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде партия мүшелерінің елеулі бөлігінәлеуметтік сала қызметкерлері құрайтынын атап өтіп, қарапайым дәрігерлер менмедицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, дәрігерлердің еңбегінорынды бағалау жайына егжей-тегжейлі тоқталды.
— Біз дәрігерлер еңбегін, осысаладағы жасалып жатқан жұмыстарды халыққа насихаттап түсіндіруіміз қажет. Адамауырып қалса кімге барады? Дәрігерге барады. Адам білім жинау үшін кімгебарады? Ұстазға барады. Сондықтан ең маңызды мамандықтар осы. Дәрігерлерчелленджін бастаған кезде азаматтар өз өмірінде дәрігерлерге байланысты орыналған жағымды оқиғаларды таратса деген ойым бар. Осынау маңызды мамандық иелерін қорғап, қолдауымыз қажет, — деді Б.Байбек.
Сонымен қатар мемлекетіміз тарапынан медицина саласындаатқарылып жатқан ауқымды істер мен көрсетіліп отырған қомақты қолдау да тілгетиек етілді. Оның айтуынша, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы НұрсұлтанНазарбаев партияның ХVIII Съезінде алғашқы медициналық санитарлық көмектідамытуға қосымша 120 млрд. теңге бөлуді тапсырған. Өткен жылы Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында үшжылдық бюджет аясында денсаулық саласының дамуына қосымша 2,3 трлн. теңге қаржыбөлінетінін айтты. Соның нәтижесінде 2019 жылы денсаулық сақтауқызметкерлерінің еңбекақысы ішінара 30%-ке көтерілді. Атырау облысы бойынша 8мыңнан астам қызметкердің жалақысы өскен. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастапдәрігерлердің жалақылары орта есеппен 30%-ке өсті.
Дәрігерлер қауымымен кездесуде өңірдегі өзекті мәселелерде назардан тыс қалмады. Солардың қатарында нәрестелер өлім-жітімінің артуы дааталды. Бұл тұрғыдан облыс елімізде үшінші орында тұр екен. Бауыржан Байбек бұлкүрделі мәселені жергілікті билік орындарымен бірлесе отырып, оңалтумүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
Кездесуде дәрігерлер де тосылмай, өз ұсыныстары менойларын ортаға салды. Солардың қатарында жас дәрігерлердің тұрғын үймен қамтамасызету, дәрігерлерге педагогтар секілді ерекше мәртебе беру жайын қарастыру жайысөз болды. Бауыржан Байбек бұл ретте мемлекет қолдауынан бөлек, әрбір азамат өзмүмкіндігін де шамалап, өзінше әрекет етуі қажеттігін алға тартты.
— «Жас Отау» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы жастарға 310 пәтер берілді. Ол — облыстық деңгейдегі бағдарлама. Таланттыжастардың арасында әр сала бойынша іріктеледі.
Жалпы Қазақстан бойынша екі жыл ішінде жиырма бес мыңмұқтаж азамат пәтер алды. Бұл ретте жастарға басымдық беріледі. Ең бастысы –табыстың өсуі. Табыс болса, әр түрлі құралдар бар. Соған қаражаты жететіндейжағдай жасалуда, — деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Сапарын ары қарай жалғастырған Бауыржан Байбек өңірдіңзиялыларына арнайы ат басын бұрды. Елдің сөз ұстар тұлғаларымен болған бұлкездесуді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Келелібас қосуда өңір руханиятына, мәдениетіне, дін мен тілге қатысты өзектімәселелер қозғалып, жан-жақты талқыланды. Өз сөзінде Бауыржан Байбек партияның мақсатымен міндеттеріне, мәдениетті, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында қолғаалған шараларына кеңінен тоқталды.
— Біздің партияның бірінші міндеті — халықтың мұңын мұңдап,сөзін айтып, халықтың пікірін билікке жеткізу. Билік тарапынан көп нәрсе жасалыпжатыр. Бірақ кейбір кезде бұл жасалған жұмыстар халыққа дұрыс насихатталабермейді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, атқарып жатқанжұмыстарды халыққа қарапайым тілмен жеткізу керек. Ол — партияның екіншіміндеті. Үшінші міндеті, әрине, біз нақты істердің партиясымыз. Сондықтан біз негізсізнәрселерді ешқашан көтермейміз. Қазіргі кезде әкімдермен бірлесіп әрбір өңірдепартияның бағдарламасын талқылап жатырмыз, — деді Бауыржан Байбек.
Жиын ары қарай сұрақ-жауап түріндеөрбіп, емен-жарқын сұхбатқа ұласты. Өз кезегінде өңірдің зиялылары партиятөрағасының Бірінші орынбасарына толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өзойларын бүкпесіз ортаға салды. Бауыржан Байбек әрбір сұраққа егжей-тегжейліжауап беріп, кейбіреулерінің сол сәтінде шешімін де қоса ұсынып отырды.
Бас қосуда Жазушылар одағының Атырауоблыстық филиалының төрағасы Қ. Жылқышиев мәдениет саласы бойыншамемлекеттік қызметке орналасатын жандардың мамандығы мәдениет саласынан болукерек деген талапты тиісті ережеге енгізу, ауылдық клубтар жұмысын жандандырумәселесін көтерсе, мұнай саласыныңардагері Мақсым Ізбасов жергілікті мұнайшылардың жалақысын шетелдіктерментеңестіру, өңірдегі экология мәселесін оңалту, Жайық өзені деңгейініңжылдан-жылға азаю мәселелерін ортаға салды. Ал Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттікуниверситетінің ғылыми кеңесінің хатшысы, партия ардагері Б. ТыныбаеваАтырау облысындағы апатты және үш ауысымды мектептер, балабақшаныңжетіспеушілігі мәселелерін тілге тиек етті.
Өңір зиялыларының пікірлерінден қоя тыңдаған Бауыржан Байбек мәдениетке қатысты көтерілген мәселелердіңпартия жанындағы «Мирас» кеңесінде қаралатынын, отандық мұнайшыларжалақысындағы теңсіздіктерге байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік жұмыс берушілер тарапынанбіздің азаматтарымызды кемсітуге жол бермеу туралы мәселе көтергенін, солсияқты қоршаған ортаны сақтау мәселесінде де Мемлекет басшысының шикізатэнергия секторының жұмысында экологияға зиянды болдырмау керектігін тапсырғанынайтты.
— Экология мәселесі бірінші рет көтеріліпотырған жоқ. Бұл аталған мәселенің халықты ерекше толғандырып отырғанынкөрсетеді. Өйткені экология бәріне қатысты. Бәріміз де бір ауаны жұтамыз. Бұлмәселе аймақтың алдағы даму бағдарламасына міндетті түрде енгізілуі керек, — деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.
Білім, ұрпақ тәрбиесі партияның ерекше назар аударатынсалалары екендігіне тоқталған партия төрағасының Бірінші орынбасары облыстағы үш ауысымды жәнеапаттық мектептерді жою үшін бес жылға арналған Іс-шаралар жоспарыәзірленгенін, айтылған екі ұсыныс та жақын арадағы бесжылдықта өз шешімдерінтабатынын жеткізді.
Өңірдіңқоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен және БАҚ өкілдерімен кездесуде БауыржанБайбек қазіргі таңда жаңа сын-қатерлерді ескере отырып,коммуникациялардың заманауи технологияларын пайдалану арқылы халықпен диалогорнатудың маңыздылығына, партия тарапынан алғаш қолға алынғалы отырғанпраймериз өткізу тәртібіне тоқталды.
Азаматтық қоғам өкілдері де сөз алып, өңірде өзекті болыпотырған бірқатар мәселелерді тілге тиек етті. «ЛогосАтырау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бибігүл Шайхиева Жастарды кәсіпкерліккеоқыту, «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей Кораблев Атырауоблысына ерекше экологиялық мәртебе беру ұсыныстарын ортаға салса, «Qazagstan»Атырау облыстық телеарнасының директоры, журналист Қанат Әуесбайұлы ашық диалогалаңдарын құру, мемлекеттік қызметкерлердің журналистермен қарым-қатынасынарттыру секілді мәселелерді көтерді.
Бауыржан Байбек осында көтерілгенмәселелер мен ұсыныстар бойынша тыңғылықты жауап берді. Оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында еңбекресурстарының біліктілігін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріқарастырылған.
Сапар кестесінің тығыздығына қарамастан, «Nur Otan»партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Атырау жастарымен де кездесуге уақыттапты.
— Қазіргі кезде «Жастар – Отанға» бағдарламасынәзірлеу қарастырылуда. Біз мұны әр ауданда талқылап, ұсыныстар жинақтапжатырмыз. Ол жастар үшін өзекті төрт мәселені қарастырады. Бірінші — сапалыбілім. Сапалы білімсіз ештеңе болмайды. Екінші — жұмыс. Білімді болған соң,уақытша емес, тұрақты, сапалы жұмыс болу керек. Үшінші — пәтер. Пәтер мәселесіншешуге біз ықпал етеміз. Төртінші — жастардың бос уақыты. Міне, осыбағдарламаны әзірлеуге белсенді атсалысыңыздар, — деді Бауыржан Байбек.
Атырау өңіріне жасалған екі күндік сапардың соңына қарай«Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектіңқатысуымен Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференциядапартия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Nur Otan» партиясының Атырауоблыстық филиалына осы облыстың жуырда тағайындалған жаңа әкімі Махамбет Досмұхамбетовтөраға болып сайланды.
Өңірге жасаған екі күндік сапарда Бауыржан Байбекеліміздің мұнайлы өңірін аралап, шалғай аудандарға дейін барып, қарапайымтұрғындармен тікелей кездесу арқылы аймақ халқының тұрмыс-тіршілігімен кеңінентанысты. Жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелерді анықтады. Жергіліктіатқарушы органдармен бірге олардың шешімін қарастырды. Елбасы, «Nur Otan»партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған саясиұйымның өңірлерге сапарлары ары қарай жалғасып, әрбір аймаққа тән мәселелер менерекшеліктер есепке алынып, аумақтық бағдарламаларда көрініс таппақ.