12:39, 01 Наурыз 2022
Nur Otan партиясының атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды
Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды.
Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын.
Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.
Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды.