«Nur otan» партиясының бағдарламасы баршаға қызықты
«Nur Otan» партиясы Астрахан аудандық филиалының сайлауалды штабында азаматтарды қабылдау өтті.
«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мейрам Қожахмет азаматтардың қабылдауға жеке мәселелерімен келгенін күткенмен, азаматтарды партияның сайлауалды платформасы қызықтыратыны белгілі болды. Астрахан ауылының тұрғыны Людмила Киракосян аудандағы бизнес пен кәсіпкерлікті дамытудағы «Nur Otan» партиясының рөлі бойынша сұрағымен жеке қабылдауға келді.
Келушінің сұрағына жауап бере отырып, Мейрам Қожахмет партия жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда ауданда 1200-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, онда 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
-Соңғы жылдары бизнес қарқынды қадам басып келеді,-деп атап өтті Мейрам Қосманұлы. – «Жол картасы-2025» атты мемлекеттік бағдарламасы және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының арқасында шағын фермалардан басқа ауылдарда қызмет көрсету саласының кәсіпорындары: шаштараздар, тігін цехтары, қолөнер шеберханалары, маникюр салондары және тағы да басқа орындар ашыла бастады. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 9 айында аудандағы бөлшек тауар айналымының көлемі 1,3 миллиард теңгені құрады.
Партия бағдарламасының басқа бағыты бойынша қабылдауға келген Айсұлу Ибраеваны «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы «Жастарға арналған аудан» бөлімі қызықтырды.
Мейрам Қожахмет келушіге осы бөлімнің егжей-тегжейлі түсіндіріп, ауданда жастардың табысты әлеуметтенуі, оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Барлық жастар бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылатын жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Бұл жұмыста әлеуметтік лифтілерді құруға, тұрғын үй проблемасын шешуге, жас отбасылардың үлесіне, жұмысқа орналасуға, білім беруге баса назар аударылатын болады.
Тағы бір келуші – аудан орталығының тұрғыны Сергей Кириенко тұрғын үй құрылысы мәселесін шешуге қызығушылық танытты. Бүгінде ауданда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің немесе басқа да қаржыландыру көздерінің көмегімен тұрғын үй салуға мүмкіндік бар. Жаңа көше құрылысының жобасы Астрахан уылында бекітілді, оған тіпті коммуникациялар тартылды және келер жылы мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйдің де, жеке меншік тұрғын үйдің де құрылысы басталады.
Бұл күні депутаттыққа кандидаттың қабылдауында барлығы 9 адам болды. Олардың әрқайсысы «Nur Otan» — бұл нақты істер партиясы екеніне көз жеткізіп, алдағы сайлауда оған дауыс беру керектігін тілге тиек етті.