Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:22, 19 Ақпан 2020

«Nur Otan» партиясының басшылығы Павлодар өңірін аралауда

«Nur Otan» партиясытөрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары жалғасуда.

ОлПавлодар облысының шалғайдағы бірқатар елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп,көкейкесті мәселелерді сол жерде талқылап, шешімін бірге қарастырды.

Жұмыс сапарыныңбірінші күні Бауыржан Байбек Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда16 көп қабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталық жылыту жүйесінсіз тұрыпжатыр. Ауыл тұрғындары бұл мәселені осыған дейін бірнеше рет көтерген, тіптіпартияның қоғамдық қабылдауы арқылы да қозғаған екен. 

«Тұрғындармен бірге осының шешу жолдарын талқыладық.Аймақ басшылығы ауылда жылыту қазандығы салынады деп сөзберді. Бұл аталған тұрғын үйлерден бөлек тағы да 5 әлеуметтік нысанды, оныңішінде таяу маңда орналасқан мектепті, бала бақшаны және дәрігерлікамбулаторияны жылытумен қамтамасыз етпек. Оның орындалуын «Nur Otan» өзбақылауына алды», — деді Бауыржан Байбек өз Facebook парақшасында. 

Оның айтуынша, Павлодар облысына сапарға шығар алдында ол бұқаралықақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерматериалдары арқылы өңірдің көкейкесті мәселелерімен мұқият танысқан.Билеуші партия төрағасының Бірінші орынбасары бірнеше жылдан бері облысорталығында «Екінші Павлодар» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлерді еріген жәнежер асты сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан су басуы мәселесіне назараударды.

Мәселеніңөзектілігі ескеріле отырып, облыстың жаңа әкімімен тұрғындардың кездесуіұйымдастырылды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, мәселені жүйелі және жан-жақтышешу үшін тиісті мамандар мен сарапшылар тартылатын болады. Сонымен қатар, 8шақырым кәріз желілерін тарту және тағы 10 шақырым коммуникацияны салу үшінжобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұдан бұрын жер асты суларының деңгейінтөмендету үшін 5 құдық бұрғыланып, су сақтау шұңқыры салынған, 3 сорғыстанциясы орнатылған.

Кездесудежергілікті тұрғындар монополист компания «Павлодар су каналы» ЖШС-на қарататарифтердің, суды есептеу аспаптары құнының айқындығына қатысты наразылықтарында білдірді. Бауыржан Байбек өз кезегінде таяу уақытта партия алаңында барлықмүдделі органдардың қатысуымен ашық партиялық тыңдау өткізуді тапсырды.

Жұмыс сапарыбарысында партия төрағасының Бірінші орынбасары «Мұнайхим» кәсіпорныныңқызметкерлерімен де кездесті. Мұнда әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаусаласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Бауыржан Байбек елбасы бастамасыменқолға алынған индустриаландыру бағдарламасының арқасында өңірде мыңдаған жұмысорнының ашылғанын тілге тиек етті.

«Жұмыспен қамтумен қатар жайлы жәнеқауіпсіз еңбек жағдайын жасау қажет. Бұл үшін бастауыш партия ұйымдары кәсіподақтармен бірлесіп кәсіпорынбасшылығына туындаған мәселелер мен қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін уақтылыжеткізіп отыруы тиіс. Бұл ретте бірде-бір сұрақты назардан тыс қалдыруғаболмайды. Президентіміздің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасыныңнақты іске асуы дегеніміз осы» — деп атап өтті ол.

Сонымен қатарБауыржан Байбек Павлодар облысындағы партия активімен кездесу өткізіп, ондасәуір-мамыр айларында ашық ішкі партиялық сайлау — праймериз өткізуге дайындықбарысы туралы пікір алысты.

«Партиямыздыңлидері, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынылатынтізімді түзу кезінде онда әйелдердің 30%-тен, ал 35 жасқа дейінгі жастардың20%-тен кем болмауына қол жеткізу жоспарлануда.Сондай-ақ мәслихаттарға басқа да әлеуметтіктоптар өкілдері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар жандар, көпбалалы аналар және тағы басқаларықамтылуы керек. Бұл ретте қоғамдық пікір көшбасшыларын және үкіметтік емесұйымдардың ел ішінде сөзі өтімді, жұртшылықтың сеніміне ие болған өкілдерінілгерілетуге баса назар аударылады.

Біздің қағидатымыз – «Жігерлі лидерлер – Қуатты партия».Азаматтық қоғаммен қоян-қолтық араласып, өзара бірлесе әрекет ету ғанаазаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жол ашатынынасенімдімін!» — деп мәлімдеді партия төрағасының Бірінші орынбасары.

Кезектен тысконференция барысында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар облыстық филиалыныңтөрағасы болып сайланды.

Жұмыс сапарыныңбірінші күнін қорытындылай келе, Бауыржан Байбек партияның қоғамдық қабылдаубөлмелеріне павлодарлықтардан келіп түскен өтініштерді сараптау арқылы шешімінкүткен бірінші кезектегі міндеттердің ауқымы анықталғанын атап өтті. Бұлар –әлеуметтік қамту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сапасы,сондай-ақ, тұрғын үй қорының мардымсыз жағдайы, елді мекендерді абаттандыружәне тағы да басқа көптеген мәселелер.

«Азаматтарымызды алаңдатып отырғанмәселелер бүгінде әзірленіп жатқан аймақты дамытудың 5 жылдық бағдарламасынаенгізіледі. Біз әр қаланы, ауданды және ауылды қамтуды жоспарлап отырмыз. Осыбағыттағы жұмыстарды партия орталық және жергілікті мемлекеттік органдарменбірлесе отырып бірнеше айдан бері жүргізіп те келеді. «Nur Otan» түйіндімәселелерге құлақ асып қана қоймай, оларды шешу үшін нақты шараларды қолға алуыкерек. Ол үшін бізде қажетті ресурстар бар, ең бастысы, қарапайым халық қолдапотыр» — деді ол.

Тегтер: