Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:31, 16 Шілде 2022

Нұр - Сұлтан қаласында ұлттық жобаға сай тұрғын үй қоры көбейді

None
None

"Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері "

Өңірлерді дамытып ел экономикасының дамуына елеулі қарқын беретін жобаның бірегейі "Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері " ұлттық жобасы болып отыр.2021-2025 жылдарға бағытталған ұлттық жоба еліміздің бас қаласында қарқынды жүзеге асып келеді. Жалпы бұл ұлттық жобаны іске асыруда  базалық қызметтерге барлық азаматтардың қолжетімділігін арттыру, тұрғын — үй құрылысын дамыту, тұрғын — үй коммуналдық жағдайын жақсарту және көліктік байланысты қамтамасыз ету тәрізді бірқатар мақсат міндеттерді орындау көзделген. Осы ұлттық жоба аясында Нұр — Сұлтан қаласында тұрғын — үй қорын  көбейту мәселесі алғашқы орындарға қойылған. Өйткені азаматтар  үшін бірінші кезекте баспаналы болу басты мұрат болып қалып отыр. Баспана мәселесінің қашанда өзекті екені сөзсіз. Басқа өңірлерге қарағанда елордаға қоныстанушылардың қатары соңғы жылдары күрт көбейе түскен.Сол себепті биліктегі атқа мінерлерге тұрғын  үй құрылысын дамытудың мақсаты тұр,әрі бұл мақсатта іске асырылып жатқан шаралар мен жобалар жетерлік. Азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін  ұлттық жобас аясында мемлекеттік бағдарламалармен жұртты баспанамен қамтамасыз етудің алғы шарттары қарастырылуда. Ұлттық жоба аясында " жайлы тұрғын үй " міндетін шешу үшін мақсатты топқа кіретін адамдарға жеке тұрғын  үй қорынан  үй жалдау шы, ындарын субсидиялау,әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу тәрізді шаралар бас қалада жүзеге асырылып келеді. Жақында Үкіметтің кезекті отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл Қазақстанда 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салудың көзделіп отырғанын атап өткен болатын.

Тегтер: