Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:56, 06 Қыркүйек 2021

Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзған

None
None

Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді.

Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды. 4 қыркүйек күні қалада 8 мекеме шектеу шараларын сақтаған жоқ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданында «EL classico» ойын клубы мен «Nirvana» түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ. Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Достар» ойын клубы, «Малена» және «Панаехали» барлары енді. Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан «Tequila» және «Ray Bar» барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеген. Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында да карантин бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Тегтер: