12:25, 27 Маусым 2020
Нұр-Сұлтанда бірнеше көшені су басып жатыр (видео)
Нұр-Сұлтанда екінші күн жаңбыр жауып жатыр. Бірнешекөшені су басты. Түнде коммуналдық қызметтер 20 мың текше метрден астам жаңбырсуын сорды, — деп хабарлайды
Әкімдіктің баспасөз қызметі қалакөшелерінде 140 арнайы техника жұмылып, түнде 20 мың текше метр жаңбыр суысорылғанын хабарлады.
«Көшелерді су басуға жол бермеу үшіннөсерлік кәріз құрылысы мен коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстаржүргізіледі. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 шақырым, олардың үштенбірі тазалауды қажет етеді. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерліккәріздердің уақытылы жұмысына кері әсер етеді», — деп хабарлады баспасөзқызметі өкілі.