Нұр-Сұлтанда жолаушыларға мобильді мүмкіндік туғызуда
Мемлекет басшысы бекіткен «Қуатты өңірлер» ұлттық жобасы аясындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы ел экономикасының дамуына өлшеусіз сеп тигізбек.
Жобаның мақсаты – бас қаланың инфрақұрылымын өркениет талабына сай жақындату. Алдымен, елордасының ішкі магистральдік жолдарын ретке келтіру –«елдің инфрақұрылымдық даму» мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Атап айтқанда, республика астанасында кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы әзірлен. Ол бойынша, бірінші кезекте мегаполистегі халық санының жыл сайынғы көрсеткіші мен тарифтің ұлғаюы ескерілген. Ал, бұл деніңіз- шаhардағы көліктердің көп жылдық біріңғай техникалық әлеуетін дайындауға да ықпал етеді. Ол туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов былай деді:
-Елдегі урбандалу жағдайына қарай, жол-көлік инфрақұрылымын ілгерлету жеке жоспар бойынша айқындалды. Қаланың бас жоспарына енген аталған кешенді көлік схемасы көлік көпірлерінің, көшелерді кеңейтіп, жолдарды салу, көлік түйіндерін азайту, қоғамдық көліктерді жаңартуға сеп тигізбек. Қазір Ұлы дала даңғылында екі көлік көпірі салынып жатыр. Оның құрылысы биыл аяқталады,-деп мәлімдеді.
Астанада көлік тығынын болдырмау мақсатында тікелей жетуге мүмкіндік туғызатын қалаішілік қысқа жол салу құрылысы да қарқын алған. Мәселен, жақын уақытта Елордадағы Мәңгілік ел даңғының, Nova citi ауданының, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов көшелерінің, «Мыңжылдық» аллеясының жүктемесін ішнара қысқарса, «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман, Промышленный елді мекендері, «Метро» гипермаркеті ауданы, М. Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесіне аумаққа оңай жетуге мүмкіндік ашылмақ. Нұр-Сұлтанда аталған ауқымды міндеттен тыс, Есіл өзені мен Тәуелсіздік даңғылы бойында көпір тұғызылу үстінде. Ол 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Ауқымды шаруадан тыс, Астанада жолды қысқаруға, қаланы мобильді етуге баса көңіл бөлінген. Алтай Көлгіновтің айтуынша, соңғы екі жылда мұнда жаңа 300 көше тұрғызылып, жөнделген. Оның тең жартысы тұрғын үйлердің аумағында орналасқан.