«Нұр-Сұлтанға арналған үздік әнұран жазылмай жатыр»

Елордаәкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының әнұранына байқау жариялағанымен лайықты шығарматаппай отыр.
Қала әкімі Алтай КӨЛГІНОВ жүлде қорына келгенде аянып қалыпотырған жоқ. Аты жаңарған астанаға үздік әнұран жазған авторға 3 млн теңге беріледі.
«Барлығы сол «жасасын,Астана!», «жас қала, менің мақтаным» деген сияқты жадағай болып келеді, жарқететіндей жаңа ой, салмақты сөз, айшықты образ таппадық. Содан кейін қайта біркөрейік деп қайтадан байқау жарияладық. Оған 68 шығарма түсті. Байқау уақытынсозып, қайта қараған кезде де алдыңғыдан өзгешелік болмады, тағы да жадағай,жаттанды сөздер», – дейді қазылар алқасының мүшесі Несіпбек АЙТҰЛЫ.
Қазылар құрамында композитор Серік ЕРКІНБЕКОВ, СәкенӘБДІРАХМАНОВ, айтыскер Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН де бар. Байқау алғаш осы жылдың 27мамыры мен 24 маусым аралығында жарияланған. Лайықты шығармалар болмағасынқазылар 8 шілде мен 10 тамыз аралығында тағы да үміткерлерге мүмкіндік берді. Алайда,әнұран болар дүние шықпапты.
«Егер келіп түскеншығармалардың ішінде өте сәтті, әуені де, сөзі де үйлесімді келіп тұрса шығарыпжіберуге болар еді, ал, асығыста, шикілі-пісілі, талғамға жауап бермейтін, сынкөтермейтін нәрсені әнұран деп тапсақ, оны халық қабылдамай сынға ұшырап жатса,одан қазылар алқасы абырой таппайды», – деді Н.Айтұлы.
Фото:kalamger.kz