09:25, 24 Қыркүйек 2021
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Boeing 767 жолаушылар ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды. Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 21:35-те болды, — деп хабарлайды ATPress.kz сайты.
Әуекомпания Нұр-Сұлтан — Ыстамбұл халықаралық рейсін орындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты апатты жағдайда қонуға тура келген.
Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы болған, оның ішінде бес бала және экипаждың бес мүшесі. Зардап шеккендер жоқ.