Нұра ауданының кәсіпкерлері балаларды мектепке дайындауға кірісті
Аудан кәсіпкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық челленджін бастады.
Кәсіпкерлер көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың және жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған оқушыларға қолұшын беруге шешім қабылдады.
Мәселен, жергілікті кәсіпкер Гүлзада Маханбетова бес жанұяның баласын керек-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ол отбасыларға азық-түлік өнімдерін және көкөніс себеттерін сыйға тартты.
-Мен көп балалы анамын. Балаларды мектепке әзірлеу қандай қиын екенін жақсы түсінемін. Енді жылда осы жанұяларға жәрдем беруге тырысамын, -дейді іскер әйел.
Кәсіпкер өз саласындағы жерлестерін қайырымдылық челленджін қолдауға шақырды.
-Біз мұқтажа жандарға бірігіп сеп білдірсек, жерлестеріміздің ықласына бөленміз. Гүлзада айтқандай, ізетті іске ықылас танытушы кәсіпкерлер күн санап өсу үстінде. Жақсы бастаманың соңы
шарапатты шараға ұласты. Нұра ауданында әлеуметтік дүкен ашылды. Мұндағы азық-түлік тауарларының құны нарықтағы бағадан арзан.