Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:41, 14 Тамыз 2023

Нұра ауданының су желілері жаңартылуда

None
None

Бұл желілер бір жарым мың халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді.

 Жараспай ауылында  су құбыры желілері мен суды тұщыландыратын  қондырғы маусым айынан бері жүріп жатыр.

Мұндағы  су құбыры желілерінің 70 пайызы тозған. Тіршілік нәрін тұщыландыратын станцияның жағдайы сын көтермейді. Бүгінгі күні мердігер 6 шақырымнан астам су құбырын тартып, 60-тан астам құдық орнатқан. Елдімекенде барлығы 8 шақырымнан астам құбыр тұтынушыларға жеткізіледі. Ауылда 599 адам тұрады.

 Құланөтпесте орталықтандырған су жүйесі мүлдем болмаған. Елдімекенде 236 кісі тұрады. Мердігерлер аталған ауылға жалпы ұзындығы 15,7 шақырым болатын жаңа су желілерін салады. Аудандық құрылыс бөлімінің  бас маманы Денис Колчиннің айтуынша, мұндағы  міндет  шілде айында басталған. Бүгінде жобаның 4 шақырымы тәмамдалды. Мамандардың мәлімдеуінше, осы араға станция арқылы сорғылау станциясы да қоса салынады.   Ал Изенді ауылында жаңа ұңғыманы тұрғызумен қатар,  су құбыры желілерін  қайта жабдықтау жүріп жатыр. Қазірге дейін 3 шақырыман астам құбыр тартылып, меже 50 пайызға орындалған. Бұл арадағы қайта жаңарту желілерінің жалпы ұзындығы -108 шақырым жерді құрайды. Аталған елдімекенде 652 тұрғын бар.

Тегтер: