Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 12 Ақпан 2025

Нұрәлі Әлиев қызметінен кетті

1
Фото: из открытых источников

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram желісінде хабарлады. Оның айтуынша, ол компанияның сатылуына байланысты акционерлерден шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Транстелеком – телекоммуникация және IT қызметтерімен айналысатын ірі қазақстандық байланыс операторларының бірі. Forbes мәліметінше, Unit Telecom арқылы компанияның 75 пайыз акциясының иелері Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупатев болды. Қалған 25 пайызы «Қазақстан темір жолы» компаниясына тиесілі. Алайда компания бұрын мемлекет меншігінде болған. 2015 жылы «Транстелеком» 9 млрд теңгеге жекешелендірілді деген ақпарат тараған болатын.

2022 жылдың сәуірінде үкімет Транстелекомды сату мәмілесі нәтижесінде мемлекетке келтірілген ықтимал шығын мәселесін зерттеуді ұсынды.

Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаеваның ұлы.

Тегтер: