Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Нұра-аймақтағы астықты өңір. Биыл аудан шаруалары күзгі жиын терін науқанын жылдағыдан ерте бастады.
Қазір мұндағы ас атасы тұқымының 96 пайызы орылған.
— Жиналған бидайдың орташа түсімі гектарына 10 центрді құрады. Жергілікті климаттың ерекшелігіне сәйкес келтін біздің астықтық қуаншылыққа төзімді сорт саналады. Жақын жылдары алқапты кеңейту жоспарда бар. Жұмысқа жастарды көптеп тартуды көздеп отырмыз. Осы мақсатты орындау үшін екі жылда заманауи 80 пәтер үй саламыз. Құрылыс ты 2023-жылы бастаймыз,- деп мәлімдеді «Шахтер» ЖШС-нің директоры Георгий Прокоп.
Аудандағы науқандық жұмыс барысын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек көріп қайтты. Аймақ басшысы егістік алқаптарды аралап, шаруа қожалықтарының басшыларымен дидарласты. Ел қамбасын еселетуге еңбек сіңіріп жүрген диқандар қырман даласындағы қауырт жұмыс санаулы күндерден соң аяқталатынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы саласы басшыларының айтуынша, шаруашылықтар мал азығымен 100 пайыз қамтылған. Жергілікті жерде баға тұрақтылығын сақтау үшін ірі фермерлер әкімшілікпен меморандумға отырған.
Нұраға сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ, аудандағы инфрақұрылым жағдайын шолып өтті. Мұнда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың ішкі жолдары жөндеуден өтуде. Айта кетерлігі, «Нұра-Шахтер-Мұзбел» тас жолының күрделі аумағы екі жыл аралығында қалыпқа келтірілді. Бұл жолдың ұзындығы 50 шақырымға жуық қашықтықты құрайды. Ал, Қарой ауылында үш жарым шақырымға жететін төрт көшеге асфальт жол төселді. Аудан әкімі Аян Шалмағанбетовтың мәлімдеуінше, Шұбаркөл, Нұра кенттеріндегі, оның сыртында Мұзбел, Кертінді және Жарасбай ауылдарындағы көлік жолы жаңартылу үстінде.
Өңір жетекшісі мердігерлерге межені тиянақты әрі мезгілімен аяқтауды қадап тапсырды.