Бүгін, 09:00
Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы — «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бойынша қаралатын болды. Бұл туралы марқұмның адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.
Аталған бапқа сәйкес, күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі — «адам өлтіру» дерегі бойынша тергелген еді.
Қазіргі таңда күдіктіге бірден үш бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда:
- 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы — аса қатыгездікпен адам өлтіру;
- 125-1-бап — некеге тұруға мәжбүрлеу;
- 115-1-бап — сталкинг.
Айта кетейік, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапқан. Күдікті ретінде оның танысы ұсталған.