Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:31

Нұрай ісінде тергеу бойынша «Сталкинг» бабы енгізілді

Нұрай
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров хабарлады.

Бұл бап жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы қудалау, аңду, психологиялық қысым көрсету сияқты әрекеттерді қамтиды.

Құқық қорғау органдары тергеу амалдары жалғасып жатқанын, істің барлық мән-жайы анықталатынын хабарлады. Осылайша, күдіктіге қазіргі таңда жалпы үш қылмыстық іс тіркелді.

Еске салайық, 11 қаңтар күні 21 жастағы Нұрай Серікбай кісі қолынан қаза тапты. 13 қаңтар күні таңертең полиция департаменті 28 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол Шымкенттен шамамен 10 шақырым қашықтықта табылған.