Бүгін, 11:31
Нұрайды алып қашу ісіне қатысты ағасы жауап берді
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан «Алып қашу» ісіне қатысты жеке пікір білдірді.
«Бұл видеоның бар екенін айтып өткен едім. Нұрайды бір бұрышқа тұрғызып қойып, видеоға түсіргені біздің жүрегімізге ауыр тиді. Бұл бойынша жауапкершілікке тартылады. Өйткені бұл — тергеу материалдары. Оқиға орнында бірнеше ер адам болған, олардың ішінде күдікті де бар. Олар Нұрайға қысым көрсетті. Ситуацияны психологиялық тұрғыдан саралап, қайсы жалған, қайсы шын екенін ажырату маңызды», - деді ағасы.
Нұрай Серікбайдың отбасы соттың әділ өтуіне үміт білдіріп отыр.