Нұрайдың қазасы, сталкинг / Нұрайдың ағасымен сұхбат
Елімізде қаза тапқан Салтанат Нүкенова, Яна Легкодимова, Айзат Жұманова және Диана Оңғарбаевалардың даулы істерінің резонансы басылмай жатып, Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай қайғылы жағдайда көз жұмды.
11 қаңтар күні Нұрай дүкеннен ұн алуға шыққан, оны үйін торуылдап жүрген күдікті ұстап алып, артынан қуып, пышақтаған. Әлеуметік желіде тараған видеода жас жігіттің Нұрайды артынан қуып келіп, бірнеше рет пышақтағаны бейнеленген.
Кейіннен күдіктінің 28 жастағы жігіт екені белгілі болды. Ол Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталды. Күдіктіге қатысты кісі өлтіру бабы бойынша тергеу басталды.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қыздың қауіпсіздігі, аңду мен қудалау (сталкинг) фактілеріне құқық қорғау органдарының дер кезінде әрекет етпеуі, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланып жатыр.
Нұрай Серікбайдың туыстары ұсталған күдіктіге қатысты ең ауыр баптармен қылмыстық іс қозғалуын талап етті.
Jas Alash youtube арнасы Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбаймен сұхбаттасты.