Бүгін, 14:46
Нұрайдың өліміне байланысты «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, жедел-тергеу тобы құрылған. Қазір іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкентте көпқабатты тұрғын үй маңынан бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.
Ал 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайда Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырған еді. Осы мәлімдемеден кейін полиция басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Министрлік полицейлердің салғырттығына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын да хабарлады.