Бүгін, 12:12
Нұрбек Оралбай да Азия чемпионатының финалында өзбекстандық қарсыласын жеңді
Нұрбек Оралбай 85 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының финалында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Қазақстандық боксшы шешуші жекпе-жекте өзбекстандық боксшы Жасурбек Юлдашев-ті жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын салды.
Айта кетейік, бұған дейін финалда өнер көрсеткен отандастарымыздың нәтижесі де белгілі: Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанса, Төрехан Сабырхан күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды.