"Нұрқанатым сол кезде біреуін атса, Шерзатым тірі қалар еді ғой" - Шерзаттың әжесі

Заңгер Мейірман Шекеев Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырованың қаралы сөзін жарыссөзде оқыды.
Адвокат Мейірман Шекеев қансырап, жерде жатқан баланы анасының көз алдында ұрған жайтты түсіне алмайтынын айтты. Оның сөзінше, бала онсыз да ес-түссіз жатқан, ал оған күш қолдану ешқандай ақылға қонбайды.
Оларды “көше заңы да” тоқтата алмады. Тоқсаныншы жылдары бандиттер де бұлай істемеген. Жағаңды ұстатады. Егер Мамедованың бейнежазбасы сотталушылар «ол жерде болмадым» дей салар ма еді. «Біз кінәлі емеспіз» дегені жәбірленушілердің жүйкесін тоздырып, қоғамның ашуын туғызды. Бұларға осы жағдай қалыпты ма дейсің, – дейді адвокат.
Адвокат Мейірман Шекеев 2024 жылғы 4 қазанда Шерзаттың әжесі Нұрқанатты жасырын видеоға түсіріп алған сәттен кейін айтқан сөзін еске алды.
“Мейірман, мылтықты менің балам шынымен алып шыққан ба? Онда оның біреуін сол жерде дәлдеп тұрып атқаны дұрыс болар еді ғой. Атқысы келсе балам тигізер еді. Мүмкін менің Нұрқанатым сол кезде біреуін тоқтату үшін атса, Шерзатым тірі қалар еді ғой. Иә, Нұрқанатым онда түрмеге отырар еді. Бірақ ол тірі болар еді. Бәрібір күндердің күнінде тірі келер еді ғой. Сотталушылар қанша жылға сотталса да, тірі келеді. Ал мен екі баламнан айырылдым” деп өкініп жылағаны қабырғаны қайыстырды, – дейді Шекеев.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің өкілі Шекеев Шерзаттың анасының сотқа жолдаған өтініш хатын оқып берді. Бишембиева Гүлбара «Шерзаттың басына бару – ең ауыр күй екенін» айтып, бұл оқиға ешбір ананың басына түспесін деп, айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Адвокат Мейірман Шекеев соттан айыпталушыларды Қылмыстық кодексте қарастырылған ең ауыр жазаға тартуды және олардан материалдық әрі моральдық шығынды өндіріп беруді сұрады. Сонымен қатар ол күдіктілердің бірі — кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа кешірім берілетінін жария етті.
Бүгінгі жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.