Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:42, 16 Қараша 2022

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі үгіт-насихат жұмысының барысымен таныстырды

None
None

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды.

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі Талғат Омаров «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді.

Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілі үгіт-насихат кезінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданып жатқанын тілге тиек етті.

Талғат Омаровтың айтуынша, халық тарапынан түрлі сала бойынша сұрақтар түсіп жатыр.

Тегтер: