11:58, 20 Қараша 2022
Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті сайлауында дауыс берді
Бүгін, 20 қарашада өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Ақтау қаласындағы 14-шағын ауданда орналасқан 31-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Маңғыстау облысындаҚазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру жалғасуда.
— Бүгін бүкіл ел үшін айтулы күн, таңнан бері тұрғындардың белсенділік танытқанына өте қуаныштымын. Әркім өз таңдауын жасайтыны сөзсіз, бірақ барлық сайлаушылардың ойы бір жерде: бәріміз бейбіт елде өмір сүргіміз келеді. Бүгін президенттік сайлауға қатысқан әрбір адам жарқын болашақ үшін дауыс берді, — деді Нұрлан Ноғаев.