15:48, 30 Қаңтар 2023
Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болды
Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады.
«Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Президент Әкімшілігінің келісімімен қала әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды», — деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы — Целиноград қаласында 1976 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген.