Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:35, 09 Ақпан 2026

Нұрлан Сабуров Ресейден депортациядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Нұрлан Сабуров
Фото: ашық дереккөз

Ресейден 50 жылға елге кіруге тыйым салынып, депортацияланған қазақстандық комик Нұрлан Сабуров Қазақстанға оралған соң алғаш рет мәлімдеме жасады.

 Ол Instagram парақшасында Ресейге шығармашылық жолының бастауына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Сабуров Ресейде өзін әртіс ретінде қалыптастырғанын, сол арқылы көпұлтты кең аудиторияға ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, стендаптағы мансабы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбург қаласында басталған, кейін Ресейдің көптеген қаласында бірнеше рет концерт қойған.

«Барлық өңірде көрермендер мені жылы әрі достық көңілмен қарсы алды», – деді ол.

Комик 6 ақпанда Дубайдан Мәскеудегі Внуково әуежайына ұшып келген кезде шекаралық бақылаудан өткізілмей, сол күні Алматыға кері қайтарылған. Ресейде оның отбасы мен бизнесі қалғаны да хабарланды.

Кейінірек құқық қорғау органдарындағы дереккөздер Сабуровқа ұлттық қауіпсіздік мүддесі, заң талаптарын сақтау және «дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» себептерімен Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын мәлімдеді. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, бұл шешім оның арнайы әскери операция (СВО) туралы айтқан пікірлері мен миграциялық заңнаманы бұзуына байланысты қабылданған.

БАҚ дерегінше, депортациядан кейін Сабуров Ресейдегі концерттерін тоқтатып, өзге елдерде, соның ішінде Таиландта шоу өткізуді жоспарлап отыр.