Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Нұрлан Сабуровтың Обнинскіде концерті күтпеген жерден тоқтатылды

Нұрлан Сабуров
Фото: ашық дереккөз

Калуга облысындағы Обнинск қаласында әзілкеш Нұрлан Сабуровтың бүгін өтуі тиіс концерті соңғы сәтте өтпейтін болды.

Бұл туралы Mash хабарлады.

 Ресми түсіндіру бойынша, концерт өтетін алаң — Ғалымдар үйі — шатырын шұғыл жөндеу қажет болған. Алайда жергілікті белсенділер мен БАҚ бұл себепті жай сылтау деп отыр. 

Не себеп болды?

Mash-тың дерегінше, концерттің тоқтатылуына негізгі түрткі — Сабуровтың “даулы сөздері”. Әсіресе ресейлік көрермендерге қатысты 2022 жылы Алматыдағы концертінде айтқан ирониялық пікірлері.  Ол кезде комик Қазақстанға көптеп қоныс аударған ресейліктерді әжуалаған.

Бүгінгі Обнинск спектаклі sold-out болғанына қарамастан, биліктің шешімі өзгерген жоқ — концерт өткізілмеді. Ал ресми себеп ретінде аталған «шатыр жөндеуінің» кенеттен пайда болуы қоғамда күмән тудырды.

Бұл алғашқы тоқтатылған концерт емес

Нұрлан Сабуровтың гастрольдік кестесі соңғы апталарда жиі бұзылып жатыр. Қараша айының соңында оның шоуы Нижневартовск және Екатеринбург қалаларында да белгісіз себептермен тоқтатылған.

Ал 10 желтоқсанда Рязаньда жоспарланған кеш әзірге ресми түрде күшін жоймағанымен, Mash мәліметінше, «концертті тоқтату мәселесі талқыланып жатыр».

Ұйымдастырушылар не дейді?

Стендапердің менеджері жағдайдан хабардар екенін айтып, билеттердің ақшасы толық қайтарылатынын мәлімдеді. Басқа түсініктеме берілген жоқ.