Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:21, 20 Маусым 2024

Нұрсұлтан Назарбаев пен Даниал Ахметовтың мүлкі аукционға қойылды

ht
Фото: KazTAG

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы «резиденциясы» мен бұрынғы әкім Даниал Ахметовтың үйі аукционға қойылды.

«Екі қабатты амбулатория ғимараты, жалпы ауданы 3179,9 ш.м; бастапқы бағасы – 115 893 000 теңге», - делінген электронды аукцион сайтында.

Ғимарат Өскемен қаласында Үлбі өзенінің бойында орналасқан. Әкімдік бұл ғимаратты Сол жағалау диспансері деп атайды.

Hola News бір кездері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы диспансерде демалып, кейін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің сонда тұрғанын жазған.

Олар бұрынғы «резиденцияны» мейрамханасы, бассейні, спорт алаңдары, конференц-залдары, қонақ үйі мен сауда павильондары бар туристік орталыққа айналдырғысы келеді.

Есеп бойынша, 3 жыл ішінде жөндеу және іске қосу үшін кемінде 800 миллион теңге қажет. Кешеннің алғашқы туристерді қабылдауға қашан дайын болатыны белгісіз.