13:43, 19 Наурыз 2023
Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 14,21 пайызы дауыс беріп үлгерген.