Бүгін, 09:26
Нұртілеу мен Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Мұрат Нұртілеу атқарған еді. Ол Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Айта кетейік, 4 қыркүйекте Orda.kz және бас редактор Бажкенова ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкерлері, сондай-ақ вице-премьер – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиев ұсталды деген ақпарат таратқан еді. Бұл деректі кейіннен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сыртқы істер министрлігі және ҰҚ ресми түрде жоққа шығарды.
5 қыркүйекте СІМ Мұрат Нұртілеудің кездесуде отырған суретін жариялады. Алайда Орда басылымы оның ескі сурет екенін жазды.