Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:45

NYT: Солтүстік Корея сарбаздары Курск облысында майданнан шығарылды

КХДР әскері
Фото: Ahn Young-joon/AP

Курск облысында Ресей армиясы жағында Украинаға қарсы соғысқан Солтүстік Корея әскерлері үлкен шығынға ұшырап, майдан шебінен шығарылды.

 Бұл туралы Украина мен Америка шенеуніктеріне сілтеме жасап New York Times жазады.

Басылымның дереккөздері Солтүстік Корея әскерлерінің екі аптаға жуық уақыт бойы майданда байқалмағанын атап өтті.

Украиналық шенеуніктің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлері арасындағы шығынның артуы олардың ұымдасып майданда әрекет етпегендіктен және ресейлік бөлімшелермен келіспеушіліктен болған. 

The New York Times газетіне сұхбат берген америкалық шенеуніктердің пайымдауынша, Солтүстік Корея әскерлерін майдан шебінен қайтару туралы шешім уақытша болуы мүмкін. Олардың айтуынша, Солтүстік Корея сарбаздары қосымша дайындықтан өткеннен кейін немесе ресейлік әскерилер мұндай ауыр шығынды болдырмау үшін оларды орналастырудың жаңа жолдарын тапқаннан кейін оралуы мүмкін.

Батыстың барлау агенттіктерінің мәліметінше, соғысқа қатысу үшін Солтүстік Кореядан 10 мыңға жуық әскер Ресейге келген болуы мүмкін. Артынша Украина мен Батыс шенеуніктері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Корея әскерлерінің Курск аймағындағы шайқастарға қатысқанын растады. Мәскеу мен Пхеньян Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейге келуін және олардың шайқастарға қатысқанын растамады, бірақ үзілді-кесілді жоққа шығармады.

Тегтер: