Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:35, 28 Қыркүйек 2023

Нью-Йорк соты Трампты алаяқтық жасады деп таныды

АҚШ
Фото: из открытых источников

Бұрынғы президентке төрт түрлі айып тағылған.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен оның отбасын Нью-Йорк соты алаяқтық жасады деп таныды. Сейсенбі күні сот Трамп өз активтерін заңсыз көбейткен деп шешті

Қаулыны судья Артур Энгорон шығарды.

Сentralasian.org хабарлағандай, Нью-Йорктың бас прокуроры Летиция Джеймс экс-президентті алаяқтық жасады деп айыптап, 2022 жылғы қыркүйекте сотқа жүгінген. Трамптың негізгі компаниясы - The Trump Organization он жыл бойы қаржы органдарын алдап келген, сөйтіп несие мен мен сақтандыру қызметтерін жеңілдікпен алып отырған.

26 қыркүйекте қабылданған сот шешімі түпкілікті үкім емес. Штат прокуроры Летиция Джеймстің азаматтық шағымын қарау 2 қазанда жалғасады.

Бұл Дональд Трампқа қарсы қозғалған істің біреуі ғана. Биыл оған төрт түрлі айып тағылған.

Тегтер: