Нью-Йоркте тікұшақ өзенге құлап, алты адам қаза тапты

2025 жылғы 10 сәуірде Нью-Йоркте жолаушылар тасыған тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, алты адам қаза тапты.
Оқиға Манхэттен орталығындағы тікұшақ алаңынан ұшқаннан кейін көп ұзамай орын алды.
Тікұшақта Испаниядан келген турист отбасы Siemens Spain компаниясының директоры Аугустин Эскобар, оның жұбайы және 4,5-11 тжастағы үш қызы болған. Олармен бірге ұшқыш та болған. Нью-Йорк мэрі Эрик Адамстың айтуынша, борттағы барлық жолаушылар қаза тапқан.
Оқиға куәгерлері тікұшақтың өзенге құлаған сәтін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті. FlightRadar деректеріне сәйкес, тікұшақ апатқа дейін шамамен 15 минут әуеде болған. Ол Манхэттен орталығындағы тікұшақ алаңынан ұшып шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, вертолет әуеде бөлшектене бастаған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда әуе кемесінің құлап бара жатқан сәті көрінеді . Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына дереу жетіп, төрт адамды оқиға орнында, ал қалған екеуін ауруханада қайтыс болғанын растады.
Апаттың себептерін анықтау үшін АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тергеу жұмыстарын бастады . Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс пен Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бұл оқиға Нью-Йорк қаласында 2018 жылдан бері болған ең ірі тікұшақ апаты болып отыр.