Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:20

Нью-Йоркте жаяу жүргіншілерге жолды қалауынша кесіп өтуге рұқсат етілген

AP / Diane Bondareff
Фото: из открытых источников

Жаңа заң нәсілдік теңсіздік мәселесін шешуге арналған. Өткен жылы қызыл бағдаршамға өткені үшін айыппұл салынғандардың 92 пайызы қара нәсілділер екен.

Нью-Йорк қаласында тұрғындарға жолдың кез келген жерінен немесе бағдаршамның қызыл түсінде өтуіне мүмкіндік беретін заң жобасы қабылданды. 

Бұрын мұндай әрекеттер үшін 250 долларға дейін айыппұл қарастырылған. Жаңа заң  теңсіздік мәселесін жоюға бағытталғаны атап өтілді. Заңның авторы - қалалық кеңестің депутаты және  демократиялық партияның мүшесі Мерседес Нарцисс. Ол өткен жылы қызыл бағдаршамға өткені үшін айыппұл салынғандардың 92 пайызы қара нәсілділер екенін еске салды.

«Ашығын айтайық. Нью-Йорк тұрғындары әрқашан асығыс», - деді Нарцисс. «Кәдімгі күнделікті әрекеттерді жазалайтын заңдар, әсіресе түрлі-түсті қауымдастықтарға әділетсіз әсер ететін заңдар жойылуы керек. Бұл айыппұлдарды алып тастау арқылы біз полиция қызметкерлерінің басқа да маңызды мәселелерге назар аударуына мүмкіндік береміз».

Сыншылар бұл заң жол апаттары мен жаяу жүргіншілер өліміне әкелетінін айтады.

Заңды қыркүйекте қалалық кеңес мақұлдады, бірақ Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімді қабылдаудан бас тартты. 30 күннен кейін норма өздігінен күшіне енді. Бұл ретте қала басшылығы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жолдың белгіленбеген жерінен өту аса қауіпті екенін ерекше атап өтті. Жаңа заңда арнайы жолақтардың сыртында жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге ешқандай артықшылық берілмейтіні және жол қозғалысының басқа қатысушыларына жол беруге міндетті екені айтылған.

Ақпарат үшін, соңғы жылдары АҚШ-тың Денвер, Канзас-Сити қалаларында, сондай-ақ Миссури, Калифорния, Невада және Вирджиния штаттарында белгіленген орыннан тыс жолды кесіп өту үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.