Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 08:00

Нью-Йорктің орталығында Қазақстан туы көтерілді

Қазақстан мен ақш туы
Фото: silkwaytv.kz

Республика күніне орай Нью-Йорк қаласының Манхэттен орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді. Салтанатты шараға қала әкімшілігінің өкілдері, дипломаттар, қазақ диаспорасының мүшелері мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында Нью-Йорк мэрі Қазақстан мұрасын ұлықтау күні Kazakhstan Heritage Day деп жариялады. Осыған орай арнайы прокламация (құжат) таныстырылды.

Құжат Нью-Йорк мэрі Эрик Адамстың атынан қол қойылып, екі ел арасындағы достықтың символы ретінде қабылданды. Ресми хабарламада бұл акт Қазақстанға деген құрметтің және қаладағы қазақ қауымдастығының мәдени әрі қоғамдық өмірге қосқан үлесін мойындаудың белгісі екені атап өтілген. 

Тегтер: