Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:23, 20 Шілде 2020

Облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков 5 тыныс алу аппаратын алдырады

Ел үшін қиын уақытта жомартазаматтар қол ұшын созып, көмектесіп жатыр. Ауданның тумасы, кәсіпкер, Түркістанныңоблыстық мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков Түркия еліне бес жасандыреспиратор сатып алуға тапсырыс берген екен.

Алдағы күндері оттегіконцентраторы аудандағы орталық ауруханаға жеткізіліп, онда науқастардыңемделуіне көмек болады.

«Пандемия жағдайында оттегіконцентраторы науқастар үшін өте пайдалы. Адамның өкпесі зақымдалған кезде олароттегінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Бұл құрылғы көптеген адамдардыңөмірін сақтап қала алады деген сенімдемін. Бүгінгі таңда кәсіпкер БазарбайНұрланов 2 оттегі байыту концентраторын сыйға тартқан болатын. Жалпы, аудан азаматтарынаалғысымды білдіремін. Аты-жөнін айтпауды өтінген тағы бір кәсіпкердәрігерлерге, медбикелерге, фельдшерлерге және науқастарға арналған ауруханаға300 мың теңгеге азық-түлік жеткізді. «Сауран» ЖШС бас директоры Марат Оспан менжеке кәсіпкер Нұржан Мұханов Таукент ауылындағы дәріханада қой сойды. ГүлзадаТөленова өз қаражаты есебінен медицина қызметкерлеріне 100 маска тікті», — дедіТалғат Қалдыбеков, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Осыған дейін МағауияТұрысбеков өз қаражатына облыстық ардагерлер үйін, «Нұр Отан» партиясыныңғимаратын салып үлгергенін айта кету керек. Төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз»акциясы мұқтаж 200 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Халық үшін еңбек етіпжүрген азамат қиын уақытта да көмектесуге тырысатыны сөзсіз.

ЕркежанАРЫН

Тегтер: