«Одақбастар ойынында»қазақтың денсаулығы құрбандыққа шалынып кетпесін
Ресей қазақстандық блогерлер мен БАҚарқылы өзін пандемиядан құтқарушы ретінде көрсетуге тырысуда.
Ал, шындығында,қазақтың ақшасымен қазақтың өзін улауға кірісті.
Сенбесеңіз, қазір әлеуметтік желілер менбаспасөз беттерінде Ресейдің коронавирусқа қарсы әлемдегі ең алғашқы –«Авифавир» дәрісін жасап шығарғаны туралы жаңалықтар қаптады. Ең қызығы, бұлдәріні ең бірінші болып аса ірі көлемде Беларусь пен Қазақстан сатып алмақ,сосын, ресейліктер оны Латын Америкасы мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізуді жолғақоямыз деп жоспарлап қойыпты.
Біріншіден, «Авифавирді» ресейліктер ойлаптапқан жоқ. Оны мамыр айында «Авифавир» деген атаумен коронавирустан емдейтіндәрі ретінде тіркеп қойған. Оны шығаратын зауыт «Авифавир» өндірісінекірісерден екі күн бұрын Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл дәріні COVID-19-дыемдеудің жаңа хаттамасына енгізіп қойды. Министрлік тіпті «бұл жапондардыңемдеу әдісі» деп, жаңа дәріге жарнама жасағандай болды.
«Авифавир»дәрісін сатып алатын елдер тізінде дамыған мемлекеттер жоқ. Бұл тегін емес,әрине.Біріншіден, «Авифавир» тұмауға қарсы жапондаржасаған «Фавипиравир» (немесе «Авиган» дейді) дәрісінің негізінде әзірленген,бұл дәрі 2014 тіркелсе де, қолданысқа енбеген. Себебі дәрінің тиімділігі төменжәне жүкті әйелдердің өлі бала тууына әкеп соғатын жайсыз көрсеткіші бар екен. 2020жылы бұл дәрінің бүйрекке де зиян екені анықталды. Екіншіден,«Авифавир» немесе «Фавипиравирді» COVID-19-ға қарсы тестілеуден өткізгенЖапония мен Германия бұл дәріні қолданысқа енгізуден бас тартқан. Жапониядағы клиникалықсынақтар дәрінің ауыр науқастарға көмегі шамалы екенін көрсетсе, немістер оныңтиімділігін растайтын еш дәлел таппаған. Ғалымдар бұл дәріге «пайдасынан зияныкөп» деген баға берген.Озық елдер зиянды да қымбат дәрісымақтан бастартқанда Қазақстан оны сатып алмақ. Неге?Бұл жағдай Ресей лидеріне ұпай әперу үшінсолтүстік көршіміз өзіне бағынышты одақтастарын өз дегеніне күштеп, мәжбүрлегенсияқты дегенге саяды. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі «Авифавир»дәрісінің тиімділігі 90 пайыз деп мәлімдеп, Путин маусым айының басында-ақ оныңөндірісіне батасын беріп тастаған, бірақ сол кезден бері дәрі еш тиімділігінкөрсетпей, оған сұраныс болмаған еді.
Күні кеше Қазақстанға Ресей ТЖМ ұшағықонғанын баспасөз жарыса хабарлады. Бұл делегацияның коронавирусқа қарсыресейлік дәрі мен біздің денсаулық сақтау министрлігі әзірлейін деп отырғанвакцинаны қазақстандық науқастарға тықпалаумен айналыспайтынына кім кепіл?Жаңалықтарда РФ денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастағанресейлік 32 дәрігер коронавирусқа қарсы күресте қазақстандық әріптестерінекөмекке келді десті. Бірақ Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі олардымұнда өздері шақырмағанын айтады. Өз елінде коронавирусқа қарсы күрестің шекесінқыздырмаған ресейліктер пандемияның басталғанына жарты жыл болғанда өздігіненҚазақстанға жаны ашып, бізді құтқаруға келген-мыс. Ресейдің осы уақытқа дейінәлемде вирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштіктен түспей келгенін қалайтүсінуіміз керек, сонда? Айтпақшы,Қазақстанға жетіп келген РФ денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гридневтің өзівирусолог емес деген ақпарат бар. Оның мамандығы уролог-экономист екен. Сонымен, ресейлікмамандардың тура «Авифавир» дәрісін Қазақстан нарығына жеткізу басталар алдындадәл келгенінде гәп бар. Ондағы мақсат – COVID-19-ды емдеу хаттамасына текресейлік препараттар мен қазір әзірленіп жатқан вакцинаның енгізілуі. Пайдасызда зиянды «Арбидол» (Умифеновир) немесе «Авифавирмен» (Фавипиравир, Авиган)емделу ТМД тұрғындарының маңдайына жазылды дей беріңіз.
Енді солтүстік көршісімен саяси ойындажеңілген Қазақстан азаматтарының денсаулығы құрбандыққа шалынып отыр. Ресейлік дәрісымақтыңзиянды екенін қанша жерден жазсақ та, дәріхана сөресінде тұрғаннан кейін халықоны жапатармағай сатып алмайтынына еш кепіл жоқ. Ал еліміздің денсаулық сақтауминистрлігі тарапынан әрекет болса, қанекей.
Әділ АҚЫЛБАЙ