Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:32, 31 Шілде 2024

Оқу бағдарламасына жаңа пән енгізілмек

d
Фото: Жұлдыз Сүлейменованың парақшасынан

Оқу бағдарламасына жаңа пән енгізілетін болады. Бұл туралы депутат Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. 

Жаңа оқу жылынан бастап «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында еліміздегі 100 мың студент және 450 мың оқушы өз қаржылық сауатын арттырады. Бұл туралы Астана қаласында өткен оқу семинары барысында айтылды. Оған ұстаздар қауымы қатысып, жобаның мәні мен маңызын жан-жақты талқылады, деп жазды депутат.

Оның айтуынша, ел аумағында барлығы 7500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады.

Бұған қоса, жаңа оқу жылынан бастап ел жастарын қарызсыз өмір сүруге баулитын жаңа пән оқу бағдарламасына енгізілмек.

Тегтер: