Оқушы қыз буллингтен кейін өзіне қол салмақ болған
Алматыдағы QSI халықаралық мектебі оқушы қыздың мектептегі буллингтен кейін өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпаратқа қатысты алғаш рет түсініктеме берді.
Бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Қанат Амиркин Алматыдағы QSI халықаралық мектепте буллингтің салдарынан қызының өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы жазған еді. Кәсіпкер мектеп басшылығын балалар арасындағы буллинг туралы білсе де, оған көз жұмды деп айыптады.
Мектеп өкілдері аталмыш оқиғаға қатысты мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары және оқу орнының басшылығы тексеріс жүргізгенін атап өтті.
Мектеп өкілдері өзіне қол салмақ болып, ауруханаға түскен оқушыны назардан тыс қалдырмай, дәрігерлермен және анасымен тұрақты байланыста болғанын атап өтті. Мектеп мәліметінше, қазір оқушы ауруханадан үйіне шығарылған.