Ол «Лениншіл жасқа» ғашық еді...

1972 жылы Жамбыл облысының Жуалы аудандық «Жаңаөмір» газетінде жауапты хатшы болып жүргенмін.
Жазға салым еңбек демалысымдыалып, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистикафакультетіне құжат тапсырдым. Емтихандардың барлығынан өтіп, бірақ жарты баллжетпей қалғандықтан, сырттай оқу бөліміне түстім. Алайда бірінші курстан соң, денсаулығыма байланысты академиялық демалысалдым.
Екінші курсты 1973жылы түскен студенттермен бірге жалғастыруға тура келді. Бұл курс студенттерініңдені аудандық, облыстық газеттерде, түрлі мекемелерде жұмыс істейтін өзімқұралпы жастар екен. Араларында ересектері де бар. Мен 4-курста «Лениншіл жас»газетіне корректор болып қабылдандым. Кейін тілші, бөлім меңгерушісі, жауаптыхатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқардым. Өкінішке қарай, біркездегі курстастардың біразы бүгінде жоқ. Солардың бірі – белгілі журналист, үлкенжүректі азамат Нұрлыбай Омаров. Нұрекеңмен студент кездегі достығымыз былтырғы маусымайына дейін жалғасты. Марқұм құрдасболсақ та, атымды атамай, «Қақа» дейтін, «сіз» деп сөйлейтін. Сол Нұрлыбай көзіжұмылғанша «Лениншіл жас» газетіне ғашық болып кетті.
Мен «Лениншілжаста» 19 жыл, 1997 жылы «Заң газетіне»бас редакторлыққа тағайындалғанша жұмыс істедім. Нұрлыбай дос ауданда түрлі қызметтежүрді. Үнемі хабарласып тұрдық. Сонда «Лениншіл жаста» істейтін журналистердіңарманы жоқ қой, шіркін! Осы арманыма жете алмай-ақ қойдым» дейтін-ді. Сондадеймін-ау, Нұрекеңді ретін тауып газетке орналастыруға да болатын еді. «Негесолай жасамадым екен?» деп, аздап өкініп те қаламын. «Жаратқаннан бұйрықболмады ғой» деп өзімді өзім жұбатқан боламын. Бірақ Нұрекеңнің сол кездердегі очерк,мақалаларын тоқтатпай шығарып тұрдым. Шағын хабары шықса да, желпініптелефонмен алғыс айтатын. «Лениншіл жаста» қызмет істемесе де, сонда шыққанмақалаларын көңіліне медеу тұтып, еңсесін көтеріп жүруші еді.
1997 жылы Нұрлыбай дос жұмысынан босап қалды.Көре алмайтын біреулердің кесірінен қызметінен кетті. Ол кезде менің «Заңгазетіне» бас редактор болып тағайындалғаныма екі ай уақыт болған еді.Құттықтап хабарласқан болатын. Бір күні таңертеңгісін телефон шалды. Алматығакеліпті. Жолығып, өткен-кеткенді айтып шүйіркелесіп жатырмыз. Сөз арасындажұмыстан босап қалғанын айтты. Сол күні түстен кейін Нұрлыбай Омаров досымызға «Заң газетінің» Ақмола облысы бойынша меншіктітілшісі» деген бұйрық шығарып, Нұрекеңді редакция ұжымымен таныстырдым. Солжылдар аралығында бас редакторлықпен қоса, «Заң» АҚ президенті болған едім. Сол кездеріНұрлыбайдың келіншегі Бақытты да Астанадағыфилиалға жұмысқа қабылдадым. Мен басқа жұмысқа ауыссам да, Нұрекең өз қызметінжалғастыра берді.
Өтееңбекқор, қаламы ұшқыр журналист еді.Сондықтан да «Заң газетінде» басшылық ауысса да, ол ауыспады. Зейнетке шыққансоң да, денсаулығы сыр бергенше жұмысын тоқтатпады. 18 жылғы абыройлы еңбегіескеріліп, жоғарғы соттың, прокуратура, басқа да мекемелердің құрметграмоталары, алғыс хаттарымен марапатталды. Жаны жайсаң, парасат-пайымы биік Нұрлыбайдосқа Жаратқан иеміз Бақыт есімді адалда ақылды жарды кезіктіріп, екеуі білімді де тәрбиелі ұл-қыздарды өсірді.Әттеген-айы, сол Нұрекең былтыр көз жұмды. Отыз сегіз жыл отасқан келіншегіБақытты өмірінің соңына дейін еркелетіп Бақош деп өтті. Біз де солай атаймыз. Перзенттеріеліміздің өркендеп-өсуі жолында еңбек етуде.
ЖақындаНұр-Сұлтан қаласынан Бақыт телефон соқты. Әрдайым сартылдап тұратын даусындабір діріл бар. Нұрлыбайды әлі де болса өлімге қимай тұрғаны сезіліп-ақ тұр. Амандықтансоң: «Өзіңіз білесіз, Нұрлыбай сізді жанындай жақсы көруші еді. Төсек тартыпқалғанша, тіпті көзі жұмылғанша ел-жұртына адал болды. Журналист мамандығынжоғары бағалап өтті. Сіз көп жылдар «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Заңгазеттерінде» жұмыс істедіңіз. Осының ішінде Нұрекең сізді «Жас Алаш» газетінде қызмет істеген уақыттарыңыздыерекше бағалаушы еді. Өзі жас кезінен «Лениншіл жасқа» – «Жас Алашқа» өлердейғашық болды. «Шіркін-ай, «Жас Алашта» қызмет істейтін журналистіңарманы жоқ шығар» деп отырушы еді. «Бұл ғашықтығымды кейін естеліктерімдежазармын» дейтін еді. Ол арманына да жете алмай кетті. Қайнаға, Нұрекеңнің солбір арманын «Жас Алашқа» сіз жеткізіңізші», – деп Бақыт телефон тұтқасын қоясалды.
Бұл шағынмақаланың жазылу тарихы осылай еді. Адал жардың өтінішін орындамауға арым жетпеді. Ол тірі болғанда«Жас Алаштың» 100 жылдығын міндетті түрде бірге атап өтер едік. Амал қанша…
Қасым ӘЗІМХАН,
«Құрмет» орденінің иегері,
Қазақстанның құрметті журналисі,
Журналистер одағы сыйлығының лауреаты