11:43, 12 Мамыр 2023
Ол осында отыруы керек еді. Иран-Ғайып Ақберен Елгезекке қатысты пікір білдірді

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХVI құрылтайы өтіп жатыр.
Құрылтайда сөз алған Иран-Ғайып Жазушылар одағының бірінші орынбасары болып бес жыл жұмыс жасаған Ақберен Елгезекті іздеп «Ол осында отыруы керек еді, қайда, неге мұнда отырмайды?» деп сұрады.
Осыдан бір ай бұрын Ақберен Елгезек "құрылтайдың спектакльіне қатыспаймын" деп жұмыстан кеткенін айтып, өзінің фейсбук парақшасында жариялаған болатын.
Еске салайық, бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХVI құрылтайы өтіп жатыр. Құрылтайда одақтың жаңа төрағасын сайлайды. Бұл қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселердің бірі.