Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:54, 22 Қараша 2019

Өлең біткен - нотация не бітпейтін элегия...

МЕТАМОРФОЗА

Тобыр қайтсін тым күрделі өнерді?! (Ұйқас құрау әлдеқашан көнерді...) Үш ұйықтасаң түсіңе енбес стиль мен мұрыныңа иісі бармас мәнердіһәм генийді — шын гений ғой түсінген!

 Сенің атың мәңгі қалу үшін менжарты-ақ сағат сұхбат қылсам, соңыра бір Сальери қылп етер ед ішіңнен...Тағдыр еткен жөнің — анау, жол — мынау, Құдай ісі — әзиз басқа қорлық-ау! Лажың болса, жақындама, әйтпесеМені өлтіріп кетер едің, сорлым-ау...

 

БИНОМ

Ақынның жаны — Алтайдан ауған кербұғы!Пұтқұдайлар-ей, мойнында кеткен ер құныжұлыным бір күн жұлынып кетер көр де тұр, Екі өлең жазсам, біреуі соның — ел мұңы..! Кеткен-ді солай Өзіме Сөзім әмір боп!Ноқтасыз кетсем төбемнен төнер «Тәңір» көп... «Жоғарғы жаққа» түкіргенім бар; өйткеніжоғарғы жақта Алладан басқа Тәңір жоқ!

 

ПИКЕТ

Біздің сорлы әдебиеттің аужайы:Тирания режимі;Шал-шауқанның гегемоны өнерді,ойды, сөздітежейді!

Human сыймас цензураға, қалыпқа!Компрамисс те емен!Мұса қайда Перғауыннан халыққаалып берер«ПЕРЕМЕН!?»

Ноқта түссе сөзге, ойға, хұқыңадосым, байғұс, о, күйік...Қырт шалдардың сайтан алғыр рухынаүш «Ықылас» оқиық!

 

ЭКСТРАВАГАНТ

Мына өлеңнің не үшінші, не төртінші шумағы -менің хақым туралы!Тосаңсиды құлағында «есектің»осы өлеңнің бунағы...

 

Әрине, бұл аллегория екенін,қадірлім-ау, сезген шығар секемің?!Өлең біткен — нотация не бітпейтін элегия,сосын, сасық жеке мұң...

 

Өнер азат — кредодан, заңнан, канон,уәжден!Идеяға, гипотеза, Құдайға да күмәнменқарауыңа хақың да бар, хұқың да бар,алайда,кім ағысқа қарсы жүзер?! Қоғам — сең!

 

Осы өлеңнің қайта оқы ең бірінші шумағын,Өлең емес — тура ағым!Батқан жоқ па жамбасыңа отыз жылкөн терілі тулағың..!?М..!?

 

МАЗА

Бастаұза-а-қ ойланғам... Қойсам ба екен жазуды?! Құдай ісі екен ғой пешенеме жазулы..!

Таңырқағамқайран қап:"- Қайдан келді бұл өнер?!"Пилигрим сыпатты кейіпіме күледі ел...

Таптымтыңнан мен негеұйқас, ырғақ, форманы?!Жұрт түсінбек түгілі, өзіме де зорға анық...

Неге өлеңіменбеген,бір жинақтың ішіне?!Нашар өлең жазып ап, іренжимін несіне?!

Дидактикасарындымораль, ода жазсам ба,пәленшені еске алар мүшайралық дастан ба?!

Я«Шабытты», «Дарынды»жеңіп алсам қайтеді?!Соны алсам одаққа кіремін-ау, әй тегі...

Шайыр кезген«көшеде», не әдеби ортадамен оларды, ол мені танымайды о, тоба!

Көгермедікөсеге,осы менің баяным...Менен ақын шықпайды-ау, түбі өлеңді қоямын...

«Ақыныңкім, өлең не?!»Ол қоғамға мәнсіздеу...Біліп тұрып осыны, өлең жазу жөнсіздеу...

Жә, осығанкөнем бе?!Өлең жазбау — ең игі!Әттең, олар білмейді-ау өлгендігін генийдің...

ДӘТ

Бір тәуірөлең жазуды Тәңір жазғай-ды; … маңдайға!Мына өлең білсең аят боп кете жаздайдысондайда!

 

Шекаралардашіріп түсер шідерлі денең;… мәңгілікжан ше?! Іштей бір туған қарсылық өлең -жаңғырық;

Осы өлеңболса, қан төкпес Қабыл, өлмес пе марқұмӘбіл де, Адамды мүмкін азғырмас Сайтан, жазғырмас бәлкім,Тәңір де?!

 

Осы өлеңболса, осы өлең болса Құдай-ау шіркін,тәп-тәуіросы өлең болса өзгеріп кетер әлем де мүмкін,жатбауыр?!

 

Бір жақсытәуір өлеңде тұнар ғасылы сөздіңшалығы;Бір ғана өлең үшін-ау деймін бәріне төздім,жарығым..!

 

АҢСАР

Әлемге бір өлең жетіспей тұрады; Қай өлең адамзат әлі де таппаған?! Ақынның о, қашан қойылар ең соңғы сұрағы,Тәңірге сақтаған..!? Тағдырда түсеміз түрліше тегіне жанрдың,Саясат, соғыстан, нанымнан бәрінен жалықтым...Лирика – бейнесі іспетті киелі әрі ақын Тәңірдің, Бір білсем соны ұқтым..!Мәңгілік өрістен тұратын әлемнің,Ішінде бар ма екен біз күткен жай, мекен?! Адамзат аңсаған ең соңғы ғаламат өлеңнің,Авторы қайда екен..!?

КЕЛЕР КҮН

Енді қаншасүрер екем, жүрер екем жол тосып,келер күннің сәлеметін көргенше...көкжиектен көтеріліп бір Шолпан,жолжиектен бір Сүмбіле сөнгенше...?!Енді қанша төзер екем, сезер екем шарпуын,жарылыстардың ең неше...?!Енді қанша саналардың толқуын,көрер екем мен неше...?!Енді қанша естір екем, естір екем, жарығым,мұңлы жырын өлеңнің...?!Енді қанша көрер екем зар кейпін,мұңлы түрін әлемнің...!?

Енді қаншасүрер екем, жүрер екем жол тосып,келер күнім келгенше,тірі болсам, сол бір күні, о, шіркін, дұғай сәлем бергенше...!?

 

НӨСЕР

Жаңбыр негеұзақ жауды, әй, жазым?! (Онсыз-дағы, көзден жас та жиі ақты) Дәл қазіргі сенің алып пейзажың, Ван Гог салған картиналар сияқты. 

Калейдоскоп тұр ма астында жаңбырдың, Қолшатырлар кемпірқосақ не түрлі... Сілбіп түскен әр тамшысы тағдырдың, Шопен жазған ноктюрндер секілді. Тамшы, тамшы: жеке сәлем, жеке күй, жұпар иіс көктен жауар сан қилы... Мен бір білсем… мен бір білсем… Ехе, хей! Жаңбырдан соң жұмақ исі аңқиды! Бір жас ақын тұншығады сең тұсап, Бродскийше есік ілген бекемдеп. Терезеден телмірді ме мен құсап, " – Аспан қашан ашылады екен?" — деп.  Күнәң көп пе Жаз-ау, алып төсең Жер?! Қа-а-андай ұзақ Көктің жауын жыласы?! Қоңыр аспан енді қанша нөсерлер, Мына әлемнің тазарғанша күнәсі...!?

 

КӘУСАР

Сүю үшін мынаукелте бес күнді – ең әуелі, адамзатты сүйгенмін! Мен алалап көргенім жоқ ешкімді, Тәңірімнен үйрендім... Өмір бірде тосар алдан ғажабын, Бірде оның азабына күйгенмін!Мен адамның ақыл, қайрат, таза арын,

Ұлыларданүйрендім... Кейде өмірдің бір саусағы бүгулі, тұрлауы жоқ сәттерінен жирендім! Мен көңілмен қайта көктеп шығуды, Табиғаттан үйрендім... 

 

Өмір нәркесұқсайды жас өскінге, Бүршік болсын шындыққа бас игенмін! Мен өтірік айтқаным жоқ ешкімге, Балақайдан үйрендім...

 

Өмір жолы әрмаңдайға жазулы, Тағдыр – Тәңір өлеңі деп түйгенмін! Мен өзімше кәусар өлең жазуды, Маңдайымнан үйрендім...

 

ДҰҒА

Мен бір Мәнді тапсам деумен шарқұрдым,Мәңгілік бас иетін! Ақын болсам! Құдайым-ай, талпындым,Адамзатты сүйетін!

 

Мен ғашықпын мынау ғажап ғаламғашетсіз-шексіз сезіммен! Мұнартады мұғжизалар санамда,сәттерімде көз ілген.

 

Мен өмірді оқимын деп таң қалдым!Тағдыр – Тәңір өлеңі...Махаббатқа тұнып тұрған заңдардыҒаршы жақтан көремін!

 

Менің жаным жаратылды о, неден?!Тәнім менің топырақ!Кейде оңаша бастау алып көнеден,ой жіберіп отырам...

 

Мен рухыммен дұға етем күбірлеп Тәңірісіне әлемнің: «Бұл ғаламда болғанына шүкір» — деп, «Айналайын, Өлеңнің...!»

 

ШЕКСІЗДІК

«Берлиндікшекара-шектеуден» тұратыншаршатты қоғамның мәні;Вальспен тыншысын саналар сұрапыл!–… Билейік, миледи, кәні...Би – ғажап сылтау ғой айтылар сезім де, тілекте! Елемей жүйенің реңіно, қашан, бүр жарар әр жадау жүректесакура гүліндей сенім...?!Вальс те әз-өлең, таза өнер сыңайлышексіздік емес пе – тегі...!?Шегі жоқ иланшы, жарығым, Құдайдың,Сезімнің жоқ және шегі...!Аяймын қадірсіз сұлуды, өлеңді,Білген ек қадірін ненің?!Адамзат аңсаған ғажайып әлемдікөзіңнен көрейін сенің...!Билейік, жақында ең ұлы ақынға...… сүйейін, эй, леди, кәні...Шегі жоқ менің бұл атомдық жадымдақалса екен ерніңнің дәмі...!

ЕРЕКШЕ

(Ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінде адам біреуді ұнатып қалуыүшін оған бар болғаны 0.59 миллисекунд жеткілікті екен)

Қалқам, сенің, сенің көздеріңнен нұр көрдім...... жарық жылдамдығына тең секундта, сені сүйіп үлгердім..! Қалқам, сені сүйіп қалғанымды аңғардым... ... жарық жылдамдығына тең секундта, мына әлемге таң қалдым..!Қалқам, бүгін сені бульвар жақта қарсы алдым... ... жарық жылдамдығына тең секундта, адамзатқа жар салдым..! Қалқам, мұнша ғажап емес еді осы әлем?! ... жарық жылдамдығына тең секундта,келе қалды осы өлең..! Сені көріп..!

 

 

САУЫҒУ

Сен бүгінменің хәлімді сұрадың, сауығып кеттім мен демде! ...Әуелі, сені Тәңірден сұрадым, өзіңді алғаш көргенде! Аманаты деп тағдырдың, еркем, қадіріңді ұзақ ойландым! «Сенемін Сізге!» дейтұғын көркем жүзіңнен сенің айналдым! Соғып тұрсыншы жүректе сенім, һәм сезім өрде, еңісте... Жүзіңе қаяу түсірсем сенің, кешірші мені, періштем! Кім білген өмір ағып өтпесін, батпандай дерттің емі не?! Қалқамның жүзі жүдеп кетпесін, ауыртпа Тәңір мені де...!

 

ЗАЯ

Араға қаншауақыт салып қалама келдім оралып, Қаламның жұрты қалыпты-дағы, кетіпті өзіжоғалып.Кетіпті бәрі құс құсап қайтқан көңілден, көзденғайып боп,Тастанды қала сұрықсыз, сұлық, мағына жоқ, байып жоқ:Шіркеудің алып қоңырауы да, мұнарасы да мешіттің, Жақтаулары да терезелердің, тұтқалары да есіктің, Жоғалып бәрі кетіпті деймін, не болды екен мұншалық, Ескі бір үйге сүйеніп тұрдым көңілімді ауыр мұң шалып.Сүреңсіз күрең ғимараттар да тозығы жетіп тұр мүлгіп,Кітапхана анау жартас секілді қабырғасын кеткен жел үңгіп.Жолдар да жатыр талқаны шығып бастауы қайда белгісіз,Қарғыс тиген бе қалама менің, тисе де адам сенгісіз.Сағым ба, әлде, мұнар ма бәлкім, елестен қала аумайды,Шексіз әлемнен шеткері қалған, ғаламнан өріс жаумайды.

 

Араға қаншауақыт салып, қалама қайтып оралғам,О, не болды қалама менің… тоналған… бәрі жоғалған...

 

ОРТАҒАСЫР. ШАМАН.Сүмбіленің қияғы-ай шұғылалы!Озар дүние қалайша құбылады?!Ай жарығы дегенің — күннің нұры, Апырым-ай!Сүмбіленің қияғы-ай шұғылалы!Қайдан табам бас қояр құбыланы?!Қағба шәріп дегенің — түу Бәккеде, Апырым-ай! Сүмбіленің қияғы-ай шұғылалы! Делі-құлы ес жадым шұбырады... Алла әкбар дегенің — Көк Тәңір ғой, Апырым-ай!Сүмбіленің қияғы-ай шұғылалы! Қайтіп көшім жай қылар құжыраны?! Мешіт кепе дегенің — зындан қамақ, Апырым-ай!Сүмбіленің қияғы-ай шұғылалы! Қатындары-ай қағанның тұғыралы, Бір Пайғамбар тумадың Көк Түркіге,Апырым-ай?! 

 

ОРТАҒАСЫР. ҚАЗАН АЙЫ.Терезені айқара ашсам, тоңазып тұр баралап: Мұнарадан муәзіннің үні шығар«Аллалап!»Талып жеткен аят па әлде Мединеден, Меккеден?! Ақыраптың желі ме ме екен өтетіндей өкпеден?! Көлеңкелер күбірлейді хұжыралар ішінде,Кежідегі нөкерлер тұр мүлгіп қиям пішінде... Жөткірініп жөтелген кім табанынан сыз өтіп, қайыршылар көрсем неге ет жүрегім дыз етіп, кетеді екен?! Жиылып кеп жайған қолдар мұңая, Буындырар күн бар ма екен беклерді, Құдай-а?!Бәңгілер я зәңгілерден бар ма фарық айырма, Сарайларда қорқор тартқан шайхылар мен шайырлар: кәнизекке ғазал арнап, мәдах айтып Шахтарға,дұға жасап тазыларға, сәжде етіп аттарға... қорылдайды баспалдақтар, күмбездер һәм бағандар...Аллаярдан, Ғазалидан қандай пайда маған бар?! Ақындығым сүріндірді, талай мені ақсатты! Суық желі-ай біздің жайқын, біздің сайқын Яқсарттың!Ақырап жел сұр тәзхибтей шәр рабатты бояпты, қайыршының шұрылдаған қарны мені оятты... Терезені айқара ашсам, тоңазып тұр бар алап: Мұнарадан муәзіннің үні шығар «Аллалап..!»

 

ОРТАҒАСЫР. ОЯНУ.Е-һей, түркі нәсілді, ей, аруы Сейхұнның,Жанай өтсең жұпарың ашар еді ұйқымды,Шертер үні сол мезет қалмас еді шертілмей,Жүректер де Дәштінің қауға түскен өртіндей,кетер еді өртеніп Хорезм көл суы да,Шері жортқан Сейхұнның қалың қамыс нуы да! Хиуаның қайнаған базарындай айлалы,оһ, жанарың мөлтілі шешен тілді байлады... оһ, күлкіңнің сыңғыры көк тасты да үгітіп,мұңғылдың да жүрегін кетер еді жібітіп!Атлахтың ақ шәлі жібегіндей бет ұшың -Яссы шәрдің таң сәрі тілегіндей бет ұшың -Мұхаммедтің мүбәрак жүзігі ғой киелі,Падишах та иіліп, тізерлеп кеп сүйетін! Қынай буған қыпша бел адырна ма солқылдақ?! Исфаһанда соғылған наркескен бе жарқылдақ?! Қызылқұмда құм кешкен қызыл түйе өркешінеге есіме түсті екен?! Омырауың өлкесіқай беклерге енші екен қыстай қонып, жаз жайлап,һәм жылқысы аунақшыр ауыздығын қарш шайнап... Стамбұлдың сәулетті шаһарынан кем несі?!Сен тұратын рабаттың мұнарасы он есебиік әрі еңселі Бағдаттан, Құдыстан! Саған сонда ес кетіп, Батыстан һәм Шығыстанбар әскерін салар-ау зор халифа, даруғаХарун Рашид қала емес, сені жаулап алуға...Е-һей, түркі нәсілді, ей, аруы Сейхұнның,Жанай өтсең жұпарың ашар еді ұйқымды!Жанай өтсең жұпарың ашар еді-ау ұйқымды,Е-һей, түркі нәсілді, ей, аруы Сейхұнның! 

 

ОРТАҒАСЫР.ТАҢСӘРІ.

Фараб, сенің таңсәрің-ай тәнгесалқын!Ұйқыдан тәтті не бар білсең парқын?!

 

Күн шығып үлгермеді, құс та сайрап,«Тұра ғой, балам!» — деді әкем жайлап.

 

Кеше еді толғанда ай әкем тұрып:«Он екі жасқа міне келдің, ұлым!»

 

деген-ді, жүрсем-дағы ойын қанбай,оң қол мен сол қол қайсы болжай алмай.

 

Тақуа әкем менің: «Балам, жә!» — деп,Үйретті ең алғаш рет маған дәрет:

 

«Алдымен „Бісміллә!“ — де, айналайын..!»Ал менде нелер тұрды ойда дәйім:

 

«Тоңазып шырт ұйқыдан неге бәріжуынар тұрып алып жас пен кәрі?!» –

 

ойланып ой артынан желіп кеткем...«Бетіңді, шынтағың жу және үш реттен,

 

Басыңа сумен сылап мәсіхтар ет,Асықпай аяғың жу — осы дәрет!

 

Қиямет, мақшар алаң күндерінде,Қуанарсың сонда осы күндеріңе!»

 

Әкемнің дәрет жайлы дәрісінен,Бір мәнсіз бейнет көрдім әр ісінен.

 

Үйренсем күнбе-күн іс болмас қаза,Мінекей, жуынғаннан сыртым таза.

 

Су шаштым, үш қайтара ысқыладым,Тән тоңды, дір-дір етіп іс сұрадым:

 

«Тысымды жудым, көрдің, жоқ қой кәте,Ішімді қалай жуам, енді, әке?!»

 

ОРТАҒАСЫР.УАҚЫТ.

Қазбауыр бұлыт сөгілер,Сере-сере тоң қатар,Қайтқан тырна тыраулар,Сам үйректер мамырлар,Күдір күлік көп жусар,Көбең шабан егіздер,Жебелей ұшқан оқ зулар,Арба арысы морт сынар,Салар, шора иілер,Делі, тентек шалқаяр,Он сан байтақ бүлінер,Атайы саяқ жиылар,Тоғыз қат көбе тон тозар,Алмаға анда ат байлар,Кебенек ерге қан қатар,Арудың бетін жас жуар,Жиырлы дестер бетіне,Қара сия төгілер,Ғасырлар сөйтіп өлінер,Баяғыдай көрінер...

 

ОРТАҒАСЫР. КӨЗ ЖАСЫ.«Мен сүйемін Құдайды, Құдай маған ұнайды...»тәсдиқ дұға мақамдап, Молла Сәйфи жылайды...«Жейхұн қызы шырайлы, Лағыл көзі ұнайды...»ғазал бәйіт назымдап, Хожа Хафиз жылайды... «Тәңір сөзі сыңайлы -низам хүкім ұнайды...»тақ сарайда оңашаӘмір Мәлік жылайды... «Майдан — жәннат шұрайлы,Шәһид кешкен ұнайды...»ауру батып ыңырсып,баһадүр Рушди жылайды..."Ғайри жұрттар былайғы, Өз хақысын сұрайды..."дүре үнінен шошынып, Күллі рабат жылайды...

 

Тегтер: