Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 24 Ақпан 2026

Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі шықты

Ольга Әбдіғаппарова
Фото: Informburo.kz

Алматы қаласының Медеу аудандық соты кәсіпкер Ольга Әбдіғаппароваға қатысты үкім шығарды. Сот оны ішінара кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, сот шешімімен Әбдіғаппароваға үш жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Бұған дейін кәсіпкер соңғы сөзінде тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарып, іс бойынша қылмыс құрамы жоқ екенін алға тартып, өзін ақтауды сұраған болатын.

Ал мемлекеттік айыптаушы сот жарыссөзінде Әбдіғаппарова «AV-Construction» компаниясының қызметіне бақылау орнатып, активтерді заңсыз шығарып, отбасының мүддесіне пайдаланған деп мәлімдеді. Прокурор соттан оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Сот процесі Алматыдағы даулы «Esentai City» тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты өтті.