Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

Олимпиада чемпионы Шайдоровты дайындауға қанша қаржы жұмсалды?

Шайдоров
Фото: ашық дереккөз

2025 жылы Михаил Шайдоров пен оның командасын даярлауға мемлекеттен 263,4 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Спорт министрлігі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, қаражаттың 47 млн теңгесі 19 оқу-жаттығу жиынына жұмсалған. Оның 8-і Қазақстанда, 11-і шетелде өткен. Ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге қарастырылған.

Спортшының жылдық еңбекақысы 33,9 млн теңгені құрады. Жеке бапкері Алексей Урманов 26 млн теңге алған. Хореограф И.В. Регинаның еңбекақысы — 23 млн теңге.

Сонымен қатар жарыс бағдарламаларын қою, екі костюм тіктіру және музыкалық шығармаларға авторлық құқықтарды сатып алу шығындары да бюджет есебінен қаржыландырылған.

Бұған дейін Шайдоров әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін 6,6 млн теңгеден астам біржолғы сыйақы алған. Ал жаттықтырушылар штабына қосымша 1,5 млн теңге төленген.