Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырды

Грек-рим күресінен 2008 жылғы Олимпиада ойындарыныңжүлдегері, қазіргі уақытта Алматы облысының Дене шынықтыру және спортбасқармасының жетекшісі Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырып алды.
Бұлтуралы спорт журналисі Данияр Кәрімжан Телеграмм каналында хабарлады, — депжазады Vesti.kz.
«Нұрбақыт Теңіpбаевтың тапсырған тесті коронавирус барын анықтады.Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы емханалардың бірінде ем алыпжатыр», — деп жазды Кәрімжан.
Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күмісжүлдегері. Сонымен қатар ол 2009 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Еске салайық, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстанқұрамасының он балуаны вирус жұқтырып алуы мүмкін деген хабар шыққан еді. Вирусжұқтырған спортшылар Талғардағы AIBA базасында оқшауланса, қалғандары үйлерінеқайтарылған.