Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:58, 15 Тамыз 2024

Олимпиадаға барған спортшылардан COVID-19 диагнозы анықталды

в
Фото: gov.kz

Президент Тоқаевтың Олимпиада спортшыларымен кездесуі кейінге шегерілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Уәлидің айтуынша, споршылар мен жаттықтырушылардан коронавирус анықталған.

Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке орай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді, деп жазды ол. 

Ал, кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отырғанын айтты.